114
Үміт cәулесі
анық көреміз ғой. Көбіміздің кезінде жылы-жұмсақтың
бәрін
аузымызға тосып, қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқтырмай отыратын данагөй апа-атала-
рымыз, түнгі ұйқысын төрт бөліп, өздері жемей жегізіп,
өздері
кимей кигізген ата-аналарымыз, қиналғанда
көмек
қолын созған дос-жаранымыз, құлын-тайдай
тебісіп қатар өскен құрбы-құрдастарымыз бен туған
бауырларымыз арғы ақиқат дүниеге аттанып жатқан
жоқ па? Пенде әрдайым басқалардың өліп жатқанын
көре тұра, өзін ең соңғы өлетін адамдай ойлайды. Өлім
жақын уақытта өзіне келмейтіндей сезінеді. Аурудың
айтпай келгеніндей, өлім де ескертпей келеді.
Осыған қатысты Мәлік ибн Динар деген бір тақуа
кісі: «Кімде-кім дүниеге үйленуге ұсыныс жасаса, одан
қалың мал ретінде дінін түгел беруін сұрайды», – деген
екен. Иә, дүние қылықты қалыңдық секілді. Бірақ ол
адамға жар болып жарытпайды. Сондықтан дүниенің
осы алдамшылығын
білген данагөйлер оны құлай
сүймеген. Осыған орай Шал ақын:
«Жігіттер, жалған дүние бізден қалар,
Бір күні ажал келіп жаныңды алар,
Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң,
Мал-мүлкің, қатын-балаң бәрі қалар», – деген. Бұл
дерттен құтылудың ең негізгі жолы – терең ой жүгіртіп,
жаратылыстың түпкі мақсатын ойлап, дүниенің
ләззаттарын жоятын өлімді жиі еске алу. Сахабаларды
шыңдардың шыңына шығарған негізгі қасиет олардың
бұл дүниеден гөрі ақырет
әлеміне терең сенулері
еді. Сондықтан олар қара қылды қақ жарардай терең
жауапкершілікпен өмір сүрді.