ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
Осы кезең әдебиетін таныстырған-
да да ақын-жазушыларды аталған
екі түрлі бағытқа сай бөле көрсету
арқылы тұлғасына баға беріп, шы-
ғармашылығының басты сипатын
танытуға ұмтылады. Мысалы, А. Бай -
тұрсынұлы – «халықшыл ақын,
жас тардың рухани ұстазы», М. Ду-
лат ұлы – «Мәшһүр Жүсіптің жо-
лын қуған, Абайдың пәлсапалық
өлеңдеріне еліктеген ақын» болса,
М. Жұмабайұлы – «өзіндік бағыты
бар лирик, ойының пәктігі, өлеңнің
көркемдік деңгейі жағынан өзіне
дейінгілерден оза туған ақын» деген
секілді бағалаулары бүгінгі таңдағы
тұжырымдардан алшақ жатқан жоқ.
Ең бастысы бұл пікірлердің осы
ақын-жазушылардың көзі тірісінде-
ақ айтылуында еді.
Бұлардан соң халықшыл бағыт-
тың өкілдері ретінде Ғ. Қарашұлы,
С. Дөнентайұлы, С. Шорманұлын
атап, олардың өлеңдеріндегі «таза қа-
зақы рух пен оның өн бойындағы ұлт-
тық ағындардың» басым екенін көрсе-
тіп, С. Торайғырұлы, А. Мәметұлы,
С. Сейфоллаұлы, Б. Өтетілеуұлылары
шығармаларындағы «орыстың жалаң
үлгісін көшірумен» салыстыра оты-
рып, ғылыми тұрғыда пікір білдіреді.
Ал Шәкәрімді Абай салған дәстүр-
мен танылған ақындар қатарында деп
түсіндіреді. Бұл осы аталған ақын-
жазушылар
шығармашылығының
ғы лыми-зерттеушілік ой-пікірде ал-
ғаш рет талқыға түсіп, өздеріне тән
лайықты бағасын алуы екенін ескер-
сек, ұлт әдебиетін тарихи танудағы
сәтті бір қадам жасалғандығына куә
боламыз.
С. Садуақасұлы қазіргі әдебиет
деп атағанда, төңкерістен бергі жаңа
замандағы әдеби дамудың сипаты-
на шолу жасай кетуді ойластырған
сияқты. Жаңа танылып келе жатқан
жас талап ретінде Болғанбайұлы,
Әлімбекұлы, Қауызжанұлы, Ғаббас-
ұлы, Аймауытұлы, Әуезұлы, Кемең-
герұлы, Тұрғамбайұлы, Жәнібек ұлы-
ларын атап, олардың келешегінен
үлкен үміт күтетінін айтады. Кейін
бұл үмітті Ж. Аймауытұлы, Қ. Ке-
меңгерұлы, М. Әуезұлы толық мәнін-
де ақтап шыққаны белгілі.
«С. Садуақасұлының «Қазақ әде-
биеті» еңбегінің қазақ әдебиетта-
нуындағы орнының ерекшелігі –
оның бұл саладағы орыс тіліндегі
алғашқы зерттеулердің бірі болуында
ғана емес, қазақ әдебиетін осындай
кең ауқымда жанр-жанрға жіктеп
тұңғыш саралауында», – деп жаза-
ды Д. Қамзабекұлы [40, 54]. «Жанр-
жанрға жіктеп» дегеніне келісе
қоймасақ та, бұл баға мақаланың
ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кірге қосқан үлесін дұрыс көрсетіп
отыр. Себебі, ұлт әдебиетінің бар-
жоғын зерттеушілік көзқараста без-
бенге салып, бас-аяғын түгелдеп, не-
гізгі бағыттарын айқындауы, Р. Мәр-
секов мақаласынан бері келе жат қан
әдеби-тарихи бағыттағы ғылыми-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
150
Достарыңызбен бөлісу: |