ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
«демократияшыл әдебиеттің көр-
некті өкілдері – С. Торайғыров,
С. Көбеев, С. Дөнентаев, Ә. Ғалымов,
Б. Өтетілеуов, М. Ж. Көпеев, т.б. Бұл
ақын-жазушылар заманға, халық тағ-
дырына байланысты әлеуметтік мә-
селелерде өздерінің көзқарастарын
өте ашық айтады. Бұлар мұңға бату,
жалтақтау дегенді білмейді», – деген
пікірдің ғылыми нақты айтылғанын
дәлелдеп жатудың қажеттігі шамалы.
Осы кездегі ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің әдебиет тарихын тануға
деген жаңаша көзқарасының әсері
Е. Ысмайылов еңбегінен байқалады.
Ол өзі сыншыл реализмнің өкілі деп
таныған Н. Орманбетовтің, Ғ. Қа-
ра шевтың, Н. Наушабаевтың, демо-
кратияшыл әдебиеттің ең көрнекті
өкілі деп тапқан М. Ж. Көпеевтің
шығармашылығының ерекшелігін ба-
рынша ашып көрсетуге ұмтылдырып,
бірақ бәрін де бүкіл халық қамқоры
етіп баяндауға жетелеген. Оқулықта
ұлттық әдебиеттану ғылымының енді
ғана туған кезеңіне тән олқылықтарды
айтқан уақытта, автордың ғылыми-
эстетикалық талдауларының жүйелі
екенін, өз ой-пікірін дәлелдеп айта
алатындығын, қазақ әдебиеттануы
мен сынының өкілдері ғылыми па-
расат таныта бастағанын байқамасқа
еш болмайды.
Оқулықтың үшінші бөлімі – ха-
лық шығармашылығының ерек-
ше танылған шағын ұтымды әңгі-
мелейді. «1916 жылғы көтеріліс
және халық поэзиясы» деген мәнді
тарауда ұлт-азаттық күрестің ішкі
себептеріне, Аманкелді образының
жасалу жолдарына, «Бекболат» поэ-
ма сының ерекшеліктеріне, халық
поэ зиясының түрлеріне айрықша на-
зар аудара келіп, «1916 жылғы халық
көтерілісінің поэзиясы ХХ ғасыр-
дағы революция алдындағы дәуірде
революцияшыл поэзияны тудырып,
жаңа туашақ қазақ совет әдебиетіне
ұштасқанын» орынды атап көрсетеді.
Оқулықтың төртінші бөлімінде
қазақ әдебиеттану ғылымында тұң-
ғыш рет кітаби ақындар шығарма-
шылығына көңіл бөлініп, Жүсіпбек
Шайхисламов шығарған «Мұңлық-
Зарлық» дастанына көлемді талдау
жасалады. Бірақ, бұл бастама кейінгі
уақытта қолдау таппай қалғанын, жал-
пы әдебиет тарихынан өзіне лайықты
орын ала алмай, оның көп өкілдері
арнайы зерттелмей келе жатқанын
айтып өткен жөн. «Қазақ әдебиетінің
тарихы» көп томдығындағы «Қазақ
әдебиетінің шығыс әдебиетімен бай-
ланысы» деген тарау бұл саладағы
міндет-парыздың бәрін түгел атқара
алмасы анық.
Қорыта айтқанда, Е. Ысмайылов-
тың бұл оқулығы бірқыдыру кем-
шілігіне қарамастан, ХХ ғасырдың
бас кезіндегі қазақ әдебие тінің жай
күйін, даму барысын, дарынды өкіл-
дерінің шығармаларын танып-бі луге
және ғылыми тұрғыда зерттеуге кең
жол салып берген еңбек болды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
212
Достарыңызбен бөлісу: |