ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жасаудың алғашқы негізгі осы
20-жылдардың соңында қолға алын-
ды.
Алайда, осы кезеңде болған
азды-көпті сөз бостандығын ұлттық
әдеби-теориялық ой-пікір пайдала-
нып та қалды. Ол біз енді ғана біліп,
енді ғана көңіл аударып жатқан 1920
жылдардағы поэзияда ұраншыл-
дық, үгіт-насихаттың басым болуын,
әдебиеттің саясат қол шоқпарына
айналып бара жатқанын тап басып
тани білуі еді. Жаңа заманды, ре-
волюцияны, оның жеңістерін жыр-
лады деп келгеніміздің көбі нау-
қандық
тақырыптарды
жырлау
бол ғанын, әдебиет ауылынан көп
алыс жатқанын енді біліп отыр-
мыз. Кәмпеске тұсында халық жер
ауып, артынша жартысы аштықтан
қырылып жатқанда «коллективтің
жырын айтып» кеткен қазақ по-
эзиясы тап тартысының қағидалы
қалыбынан шықпай, жасқаншақ,
жал тақ күйге түскені тарихи шындық
қой. Сол науқаншыл үгіт-насихат-
тың арты қайда апаратынын білген
Қ. Кемеңгеров: «Шынында, біздің
көркем әдебиет қоғам тұрмысын шет-
пұшпағынан тартып жүр. Сол шет-
пұшпақтың өзін көбінесе кейбір жа-
зушылар романтизмге, символизмге
айналдырып отыр. Кейбір жазушылар
не үгітке, не жалаңаш порнографияға
айналдырып отыр. Осы күнге дейін
шын реализммен жазылған Бейімбет
өлеңдері (мұның да біразы үгіт, на-
сихат, ұран) шын реализмнен қоныс
теппеу себебі не? Шын тұрмыстың
бәрін қисайтып жібергендік», – деп
жазады [60]. Автордың айтайын деп
отырған ойы түсінікті. Әдебиеттің
ұран, үгіт-насихатқа салынып өмір
шындығын «қисайта» суреттеп
отыр ғандығын әдеби-теориялық ой-
пікірдегі көркемдік әдіс ұғымымен
сабақтастыра көрсетіп отыр.
Қошкенің мақаласындағы ой «Ті-
кен» деген жасырын атпен жазған
автордың «Әдебиет мәселесі тура-
лы» атты мақаласында өз жалғасын
тапқан. Пролетариат әдебиетін құ-
рып жатырмыз деп жүрген төңке-
ріс шілдердің шығармаларының көр-
кемдік деңгейінің өте төмен екені
айта келіп:«Октябрь төңкерісіне орта
жолдан қосылған жазушыларымыз
шу дегенде балға, төс, фабрика, за-
вод, автомобиль, аэропланнан бас-
тап, жалпы бұқараның тұрмысынан
алыс болса да (астын сызған біз. – Ж.
С.), интернационализм бағытымен
әдебиетке бір тарау жол салды.
Міне, бұл – төңкерістің олжасы.
Бұл жолдағылардың бағыты бол-
маса, өлеңдерінде, қара сөздерінде
суретшілік кем. Көбі айқай, еліктеу,
әдеби ұрлық», – деп жазуында
шын дық жатыр. Әдебиеттің халық
өмірінен, заман шындығынан алыс-
тауының түбі көркемдік дамуды
дағдарысқа ұшырататынын нақ-
ты дәлелдейді де: «Тоғыз қабат тас
үйді, қаңғыр-күңгір заводты, әуені
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
223
Достарыңызбен бөлісу: |