ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
арқылы дәлелдей отырып тану, білу,
кейбіреулерінің туындыларындағы
қайшылықтарды аша отырып, маркс-
шілдік сын көзімен пайдалану» ба-
сты мақсат тұтылды. Сол себептен
және бұрын көбірек зерттелгендіктен
де Махамбет, Абай, Ыбырай, Шоқан
шығармашылықтарына мол орын
беріліп жан-жақты сөз болған. Ал
Шернияз, Сүйінбай, Біржан, Ақан
сері, Әсет шығармашылығын сөз
етуде өмірбаянды деректер мен
қалдырған мұрасының зерттелу
дең гейін, өлең-жырларының тақы-
рыптық, мазмұндық сипатын таны-
ту жағы басым түскен. Керісінше,
«өмір құбылысын, әлеуметтік мәсе-
лелерді феодалдық таптық көзқа-
расымен түсінген» – Бұқар жырау,
«керітартпа көзқарас пен ескішіл
идеядағы ағымның өкілі» – Дулат,
«ескішіл ақын, феодал табының
мұңшысы, жаршысы, идеологы» –
Шортанбайларға арналған тараулар
үлкенді-кішілі мақала деңгейінен
аспады. Олардың мұрасына 1959
жыл ғы конференцияда айтылған тұ-
жырымдардан әрі тереңдеп бармау-
дың салдарынан ескішіл-феодалдық
ағымдағы қайшылығын ашу басты
назарда болса да, қазақ әдебиетін
дамытудағы үлестері бұрмалана тү-
сіндірілді. Жалғыз дастанымен әде-
биет тарихына енген Алмажан, не-
месе әлеуметтік болмысты таптық
тұрғыдан түсініп айтысқан Сүйінбай
деңгейіндегі бағаға да ие бола алма-
уын замана қысымынан болды деп
қана түсіну қажет. Бұдан ұлттық
ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің
маркс тік-лениндік әдіснаманың тап-
тық, халықтық қағидасы бұғауын-
дағы хал-ахуалы бір көрінсе,
екіншіден, «тұрпайы социологизм»
теориясындағы көзқарастан да әлі
толық арылып бітпегені байқалады.
Ол еңбекте қате бағаланған ақын-
жыраулар тұлғасымен ғана шек-
телмейді. Әдебиет тарихынан орын
алмақ түгіл, аты да аталмай қалған М.
Мөңкеұлын, немесе «Бес ғасыр жыр-
лайды» жинағы бойынша санағанда
ХVІІІ ғасырдағы Ақтамберді, Шал
ақын бастаған алты ақынның, болма-
са ХІХ ғасырдағы жиырмадан астам
ақын-жыраудың шығармашылығын
еске алсақ, бұған да болса шүкіршілік
деп қазақ әдебиеттануы «тұрпайы со-
циологизмге» бой алдыра отырса да
ғасырлар мұрасын зерттеудегі қатып
жатқан тоңды бұзды демеске бол-
мас. Шындығында, ұлттық ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің кеңес дә-
уіріндегі ғылым талаптарына сай
болса да қазақ әдебиетінің бар-жоғын
түгелдеуге деген ұмтылысының за-
ман ыңғайына орай көрінген ізденісі
еді деп бағалау орынды болмақ.
Міне, осы сипаттағы бағыт-бағдар
ХХ ғасыр басындағы әдебиетке
арналған осы томның 2-кітабында
да көрініс тапқан. Екі түрлі мәдениет
туралы қағида басшылыққа алын-
ғандықтан, еңбекте ағартушы-де-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
357
Достарыңызбен бөлісу: |