Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет341/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
С. Қирабаевтың «С. Сейфуллин» 
(1962), Е. Ысмайыловтың «Ақын және 
революция» (1964), Т. Кәкішевтің 
«C. Сейфуллин» (1967) секілді ең-
бектері мен көптеген зерттеу мақа-
лалар сәкентану ілімінің негізі қалана 
бастағанын танытты. Жеке дарын-
дар шығармашылығын осы кезге 
дейін қол жеткізген монографиялық 
очерк немесе портрет дәрежесінен 
тереңдете зерттеу шұғыл қолға алын-
ды. Оған осы 60-жылдардың ішінде 
ғана жарық көрген М. Дүйсеновтің 
«Ілияс Жансүгіров» (1965), «Ақын 
мұраты» (1967), Т. Нұртазиннің 
«Б. Майлин творчествосы» (1966), 
«Жазушы және өмір» (1960), Б. Ыс-
қақовтың «C. Дөнентаев» (1966), 
Ы. Дүйсенбаевтың «С. Торайғыров» 
(1967), Б. Наурызбаевтың «Б. Май-
лин прозасы» (1967), М. Қаратаевтың 
«М. Әуезов» (1967), Т. Әбдірах-
манованың «Ақын сыры» (1965) 
секілді монографиялары айқын дә-
лел. Бұлар ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің кемелдене бастағанын 
ғана емес, жеке ақын-жазушылар 
мұрасын тұтас, толық және жан-
жақты зерттеудің үлгісін көрсетіп 
берді. Идеялық-шығармашылық мә-
се лелері осы шақта жетекші болып 
отырған әдіснама талап-тілектері-
не сай қарастырылғанымен, ұлттық 
әде биеттануға үлес болып қосылған 
қорытындылар жасалғанын жоққа 
шығаруға болмайды. Ал шынына 
келгенде, қазақ әдебиетінің идея-
лық-шығармашылық мәселелері әде -
биеттің 
таптығы, 
халықтығы, 
пар тиялығы қағидаларына тіке-
лей байланысты еді. Осыған сай 
20-30-жылдардағы қазақ әде бие-
тінде идеялық-шығарма шылық прин-
циптердің орнығу процесі де арнайы 
зерттеле басталды. М. Қаратаевтың 
«Қазақ прозасында социалистік реа-
лизмнің қалыптасуы» (1965), Б. Кен-
жебаевтың «20-жылдардағы қазақ 
совет әдебиеті» (1961), Т. Кәкішевтің 
«Октябрь өркені» (1962), «Дәуір 
суреттері» (1967) секілді еңбектерінің 
жарық көруі заман талабынан туған 
еді. Олардан қазіргі көзқарасқа сай 
қате ой-тұжырымдар табу оп-оңай. 
Бірақ, қазақ әдебиеттану ғылымының 
қалыптасу жолын маркстік-ленин дік 
әдіснама қағидаларына орай болса 
да орнықтыру жолындағы ғылыми 
ізденіс ретінде көрінетін тұ жы рым-
дарын жоққа шығаруға еш болмай-
ды. Себебі, ғылыми-зерт теушілік 
ой-пікірдің басқа жолға бара алмаған 
тұсаулы кезеңіндегі хал-жағдайын 
тү сіне отырып, басшылыққа алынған 
әдіснама негізінде болса да дамытуға 
жол бастағанын теріске шығара-
тын болсақ, 1970-1980 жылдардағы 
көптеген ғылыми еңбектердің жа-
зылуының барлығы дұрыс болып са-
налмас еді.
Орайы келгенде айта кету ке рек, 
ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің 
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен 
әріге бармауының себептері де бар. 
Б. Кенжебаев 1959 жылғы конферен-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


362


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет