р/с мазмұны Жалпы балы Жинаған балы 1 2 3 4 5 өзінің ойын жүйелеп жеткізуі
шешім таба білу және ұсынуы
нақты
мысалмен
өмірмен
байланыстыруы
мазмұнына сай мәнерлеп сөйлеуі
коммуникативтік дағдысы
2
2
2
2
2
Барлығы 10
Әдіскер-ғалым Ф.Ш.Оразбаева «Сөйлеуге үйрету – айтылар ойдың түпкі мақсатын анықтап алумен
тығыз байланысты, өйткені сөйлеу кезінде сөйлемдер қалай болса солай, бет алды айтыла берсе, ой
жүйесіз, түсініксіз болады. Түсініксіз, жүйесіз айтылған сөз қарым-қатынас тудырмайды. Сондықтан
екінші біреуге арналып айтылған ауызша сөйлеу оған түсінікті болу үшін, белгілі бір мақсатты
қатысымдық мақсат деп есептей отырып, тілдік қарым-қатынастың сапалы орындалуына себебін
тигізетіндігін ескерген жөн», ‒ деп атап көрсеткен [1,336].
Демек, жоғарыдағы тапсырмалардан байқағанымыздай, оқушылардың коммуникативтік дағдысын
айтылым әрекеті арқылы қалыптастыру үшін тапсырмаларды жүйелі құрастырудың маңызы зор.
Тапсырмаларды ұйымдастыру барысында, оқушылардың ақпарат алып қана қоймай, сөйлеу әрекеттерінің
айтылым әрекеті арқылы өз ойын қорытып, еркін жеткізе білуге дағдылануы ‒ болашақта әлемдік
бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр, өзіндік ой-көзқарасын ашық айта
алатын, өмірге бейім, интеллект қабілеті дамыған, қоғамдық өмірде өз орнын табатын жеке тұлға болып
қалыптасуына көмектеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. Толықтырылған төртінші басылымы. 2 том. – Алматы: «Ан
Арыс» баспасы, 2019. – 584. 2.
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии (в 2-х томах). Т.1. – Москва: Педагогика, 1989. –
328. 3.
Кенесбаев С., Жанузаков Т. Русско-казахский словарь лингвистических терминов. ‒ Алматы:
Наука, 1966. – 207.
4.
Мұғалімге арналған нұсқаулық // «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. Педагогикалық
шеберлік орталығы, 2016. – 70. 5.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 10-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
229
6.
Ермекова Т.Н. ж.б. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 10-сыныптың қоғамдық-
гуманитарлық бағытына арналған оқулық. – Нұр – Сұлтан: «Арман – ПВ» баспасы, 2019. – 240.