Ионданушы сәулеленулер тірі организммен ықпалдасқан
кезде олар энергиясын ұлпаларға көп берген сайын
зақымдану да арта
түседі. Организмге берілген энергия мөлшері
доза деп аталады.
Организм сөулелену дозасын кез-келген радионуклидтен немесе
радионуклид қоспасынан алуы мүмкін. Бұл жағдайда сәулелену көзіне
организмнен тысқары немесе тамақпен, сумен ауамен келуі нетижесінде
оның ішінде болуы мүмкін. Сәулеленудің нақты жағдайына байланысты
бірінші кезекке дозаның әртүрлі түрлері шығады, олар сәулелену
учаскесі көлемінің қандай екендігін, оның қайда орналасқандығын, бір
адамның немесе адамдар тобының сәуле алғандығьш және бұның қай
уақытта болғандығын ескере отырып, әрқалай есептеледі.