ОРДУ-БАЛЫҚ ( ҚАРАБАЛҒАСҰН ) II БІТІКТАСЫ
Шамамен IX ғасырда тұрғызылған.
М. Шинэхудiң пiкiрiнше, қытай жылнамасы «Тан-шуда» аталатын Ұйғыр қаған-
дығының IX ғасырда өмір сүрген қолбасшысы «Гюйлу-Мохэ» деген кiсi осы Бұқа
болу керек.
«Хар балгас ескерткіші» аталатын бұл бітіктас Моңғолияның Арханғай ай-
мағы Хотонт сұмыны Орхон өзенiнiң батысындағы Орду-балық қаласынан 8 км
солтүстiктегi Жарантайн өзенi жағалауынан табылған.
Бітіктас сұр граниттен жасалған. Мəтінде 12 жолдан 103 таңба-əрiп бар.
Ескерткiште екi таңба қашалған.
Орду-балық-II бітіктасы Қазiр Моңғолия ҰҒА Қоғамдық ғылымдар ғимаратының
алдыңғы алаңында орнатылған.
1973 жылы сегіз жылдық орта мектептің тарих пəнінің оқытушысы С. Мягмаржав
тапқан. 1975 жылы Моңғол – Совет экспедициясы ҰҒА Тарих институтының лабора-
ториясына əкелген. Алғашқы тiлдiк зерттеулерiн моңғол ғалымы М. Шинэху жүргiздi.
2001 жəне 2004 жылдары қазақстандық экспедициялар зерттеу жүргізді.
Н.Базылхан
СҮҮЖИЙН БІТІКТАСЫ
840–862 жылдары тұрғызылған. Қырғыз мемлекеті тұсындағы ірі мəтін – «Суджи
ескерткіші» деп аталатын бітіктас Моңғолияның Бұлғын аймағы Сайхан сұмыны
Сүүжийн асуы деген жерден табылған. Сақталған жері белгісіз.
1909 жылы Г. И. Рамстедт алғаш тауып, бітіктас мəтіннің ғылыми аудармасын
жасаған. Соның негізінде Х.Н. Орхун, С.Е. Малов, Ю.А. Зуев, С.Г. Кляшторный,
Ғ.Айдаров жəне т.б. ғалымдар мəтіндік, тілдік жəне тарихи-деректанулық зерттеулерін
жүргізген.
Н.Базылхан
УЮК-ТАРЛАҚ (Е-1) БҰҒЫТАСЫ
VIII–IX ғасырларда тұрғызылған. Қырғыз мемлекеті дəуіріне жатады. «Уюк-Тарлақ
ескерткіші» Тарлақ өзені бойындағы Ыжын-бұлақ тауының қырында орнатылған.
Сұр жасыл сланец тақта тастан жасалынған. 1916 жылы А.В. Адриановтың
ұйымдастыруымен Минусинск музейіне əкелінген.
1888 жылы бұғытасты И.Р. Аспелин тапқан. Аталмыш бұғытас тағы түркі бітігінің
мəтіндік зерттеулерін, аудармаларын жасауға В.В. Радлов, Х.Н. Орхун, С.Е. Малов,
И.А. Батманов, А.Ч. Кунаа, И.Л. Кормушин, А.С. Аманжолов, Д.Д. Васильев,
И.Л.Кызласов қатарлы ғалымдар үлкен үлес қосты.
Н.Базылхан
Достарыңызбен бөлісу: |