«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет14/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

ШЮАНДИ ПАТША
(Шюанжыңның алғашқы жылы, 578 ж.) кібісе (маусымның) 
10 жұлдызында Таудың (Тəйхаң тауының) шығысындағы босқын 
бұқаралардың жаңадан кəсіптенгендерді, сондай-ақ түріктердің шап-
қыншылығы салдарынан жанұясындағылары қаза болғандарды бір 
жылға еңбек салығынан босату жөнінде жарлық түсті. Яң мəлике 
патшайым болып көтерілді.
6 қарашада Даухүйюан сарайында сайыскерліктен сабақ өтілді. 
Патшаның өзі де сауыт киініп, жарақ асынды. Сол айда түріктер 
шекараға шапқыншылық жасап, Жючюанды қоршады, ұлықтар мен 
бұқараны өлтірді жəне айдап əкетті. 
(Дашяңның алғашқы жылы, 579 ж.) бірінші ақпанда Жау ханы 
Юйуын Жаудың қызын Мыңділда ханша деген атпен түрікке ұзату 
жөнінде жарлық түсті.
(Мамырда) түріктер Биңжоуға шапқыншылық жасады.
(Дашяңның 2 жылы, 580 ж.) 2 ақпанда түріктер Мыңділда ханшаны 
алдыруға елші салып, жергілікті өнімдерінен таралғы тартты.


 70
71
ЖИҢДИ ПАТША
(Дашяңның 2 жылы, 580 ж.) күз бірінші шілдеде түріктер Чи елінің 
Фəняң ханы Гау Шау-иды тапсырып берді.
АШЫНА ПАТШАЙЫМ
Удидың Ашына патшайымы – Түрік Мұқан қаған Іркіннің қызы. 
Түріктер нөнені жойғаннан кейін Ұлы Қорғанның бүкіл сыртқы 
алқабын иеленді. 100 мыңдаған жасақ ұстап, кіндік хуашя жеріне 
көз тікті. Сол тұста Тəйзу чилықтармен егейлесіп, жəрдем беретін 
одақтасқа құмбыл болып тұр еді. Іркін кезінде қызын (Уди) патшаға 
берсем деуші еді, көп ұзамай онысына өкінді. Гаузу билік басына 
келгеннен кейін талай мəрте елші салды, құдалық сөйлескеннен кейін 
ғана патшайымды біздің елге ұзатуға келісімін берді. Баудиңның 
5 жылы (565) ақпанда Чын ел-сұлтаны Юйуын Чұн, Шұй ел-сұл-
таны Юйуын Гүй, Шын-у сұлтаны Доу И жəне Нəн-əн сұлтаны Яң 
Жяндар жарлық бойынша патшайымның салт-салтанат жарғысы 
мен көшпелі сарайын дайындап, алты сарайдың қол астындағы 120 
адаммен Іркіннің шатырына патшайымды алуға барды. Бірақ Іркін 
қызын чилықтарға беруге де уəде еткен екен, сондықтан ала көңілдік 
байқатты. Юйуын Чұндар сол жерде талай жыл бөгелді, жарлықты 
жаңғыртуға бұлар шарасыз еді. Уəдеге опа қылу жөнінде айтқан 
ақылдары Іркіннің құлағына кірмеді. Сол кезде өзгеше бір жел тұрып, 
күн күркіреп, киіз үйлерді қоғадай жапырды. Дауыл 10 күн бойына 
толастамады. Мұны көк тəңірінің қаһарына жорыған Іркін қатты 
шошып, патшайымды мол жасаумен ұзатты. Юйуын Чұндар көшпелі 
сарайды тігіп, көш салтанатын асырып, патшайымды қорғап-қоршап 
алып қайтты. Тянхының 3 жылы (568) наурызда патшайым сарайға 
келіп түсті. Ганзу оны өзі шығып қошеметтеп қарсы алды. Патшайым 
бет біткеннің сұлуы еді. Оның үстіне мінезді болды. Сон дықтан Гаузу 
оны сыйлап, төтенше жақсы көрді.
Шюанди таққа отырғанда шах-ана айым деп атанды. Дашяңның 
алғашқы жылы (579) ақпанда бас шах-ана айым деген мəртебе алды. 
Екінші жылы ақпанда бас али шах-ана айым болып көтерілді... 
Шюанди опат болғаннан кейін Жиңди патша шах-əжеке деп сыйлады. 
Сүй (Уынди заманы) кəйхуаңның 2 жылы (582) отыз екіге қараған 
шағында дүниеден өтті. Сүй Уынжи жауапты басқармаға даңсаға 
тіркеу туралы жарлық шығарды. Мəйіті Шəулиң кесенесіне жерленді.
ЯҢ ЖҰҢ
Яң Жұң Хұңнұңның Хуа-и деген жерінен...
Баудиңның 2 жылы (562) бас төреші болып ауысты. Осы кезде 
сарай кеңесінде түріктермен білек біріктіре Чи еліне шабуыл жасау 
ісі қаралды. Сұлтан-уəзірлердің бəрі: «Чи əулеті жарты əлемді 
жалпағынан басып жатыр, елі бай, əскері қуатты, егер Дештіқұмның 
солтүстігі арқылы Биңжоуға кіреміз десек, аса машақатты. Оның 
үстіне аба сардар Хулюй Миңюеге төтеп беру оңайға соқпайды. Егер 
олардың апанына кіреміз десек, – 100 мың əскерсіз болмайды», – 
деп даурықты. Тек Яң Жұң ғана: «Қосынның жеңіске жетуі – ішкі 
бірлікте, əсте адам санының молдығында емес. 10 мың атты əскер 
жетеді. Миңюе деген əлжуаз неме қайтеді ғой дейсің», – деді. 3 жылы
(563) Яң Жұң бас сардар болып тағайындалды да, тайсеңүн Яң 
Зуан, Ли Му, Уаң Же, Эржу Мин жəне ордагер Юан Шоу, Тян Хұң, 
Мурұң Ян секілді 10 шақты адам түгелімен соған қарады. Мұнан 
тыс Даши Уға 30 мың жаяу əскермен күнгей жолмен ілгерілеп
уəделі мезгілде Жиняңда тоғысу жөнінде жарлық түсті. Яң Жұң 
Эржу Минды Шыбынды қорғап, Өзен арқылы сəйкесуге қалдырды. 
Яң Жұң Учуаннан аттанды, жорық үстінде ежелгі қоныстардан 
өткенде ата-бабаларға тəу етті, сардар-сарбаздарына қонақасы берді, 
аса тездікпен 20 неше қамалды басып алды. Чилықтар Жиңлиң 
қамалында қорғанған еді. Яң Жұң ерауылдарымен барып оны да 
басып алды. Яң Зуанды шығдауыл ретінде Лиңчюға қалдырды. Түрік 
Мұқан қаған Тарду, Бөке қағандардың 100 мың атты əскерімен келіп 
бұларға тоғысты. 4 жылы (564) басқы айдың алғашқы күні Жиняңға 
шабуыл басталды. Бұл кезде қар ондаған күн толассыз жауды да, 
үскірік аяз қатты болды. Чилықтардың сайлауыт қосыны ұрандап 
шабуыл жасады. Түрік əскерлері сескеніп Батыс тауға шығып кетті 
де, соғысуға батылдары бармады. Əскерлердің үрейі ұшты. Яң Жұң 
əскерлеріне: «Істің бəрі Тəңірдің қалауымен болады. Адамның аз-
көптігімен есептесу қажетсіз», – деді де, 700 əскерді бастап жаумен 
жаяу соғысты, əскердің оннан төрт-бесеуі өлді. Даши У мерзімді 
уақытқа үлгеріп келмеген соң, қосынды кері қайтарды. Чилықтар 
да тықсыра қуудан қорықты. Түріктер əскерлеріне тонаушылық 
жасауға ерік беріп, Жиняңнан Пиңчыңға дейінгі 700 лиден астам 
жердің адамы мен малын бірін қалдырмай айдап кетті, қырғын аса 
қатты болды. Гаузудың жіберген елшілері Шяжоу Яң Жұңнан хал 
сұрады. Астанаға оралған соң (патша) қонақасы беріп, мол сыйлық 
берді. Гаузу Яң Жұңға ұстаз аталық деген лауазымды лайықтаған еді, 


 72
73
Жин ханы Юйуын Ху (Яң Жұңның) өзіне бағынышты еместігінен 
оған азар берді. Осылайша Жиңжоу, Бинжоу, Лиңжоу, Юнжоу, Янжоу, 
Шянжоулардың алайбасы Жиңжоуға дуанбасы етіп тағайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет