«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет10/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

УЫНШЮАН ПАТША
(Тянбаудың 3 жылы, 552 ж.) ақпанда Түрік луларынан жеңілген 
нөнебасы Анагүй өзін өлтірді. Оның қалғасы Əмірешін мен Анагүйдың 
немере інісі Теңду Елтебер Теңдудің ұлы Қадылар біраз ел-жұртымен 
қашып келді. Нөненің қалған ел-жұрты Теңдудің екінші ұлы Тебатты 
қаған көтерді («Жұңхуа шужюй» баспасы ).
(Тянбаудың 4 жылы, 533 ж). 2 желтоқсанда түріктер нөнелерге 
тағы да шабуыл жасады, нөнелер бүкіл қауымымен оңтүстікке ауды. 
6 желтоқсанда патша Жиняңнан солтүстікке аттанып, түріктерге қарсы 
жазалау жорығын жасады, нөнелерді қабылдады əрі Қадыны биліктен 
тайдырып, Анагүйдың ұлы Əмірешінді қаған көтерді. Оларды Ма-
и-чуан маңына орналастырып, азық-түлікпен, торғын-торқамен қам-
дады, патшаның өзі түріктерді Шожоуға дейін қуды. Түріктер бағы-
натындықтарын білдірді, (патша) бұған келісіп кері оралды. Сонан 
кейін олар үзбей көпшір тапсырып, тарту-таралғы ұсынып тұрды. 
(Тянбаудың 5 жылы, 554 ж.) 4 тамызда түріктер тарту-таралғымен елші 
салды. (Тянбаудың 6 жылы жаз сəуірдің) 28 жұлдызы түріктер елші 
салып, көпшір тапсырды.
УЧЫҢ ПАТША
(Даниңның 2 жылы қыс желтоқсанның) 19 күні Жоу сардары Яң Жұң 
Түрік Ашына Мұқан сияқтылардың 200 мың жасағымен Хыңжоудан 
үш бағыт бойынша аттанып, бұқаралар мен ұлықтарды өлтірді жəне 
айдап əкетті. Бұл кезде ай бойы толастамаған қалың қарлы жаңбырдан 
оңтүстігі мен солтүстігі мыңдаған лиге созылатын алапты бірнеше 
чы қалыңдықтағы қар басып қалды, күндіз бұршақ жауды, Тəйюанда 
қызыл жаңбыр жауды. 28 күні патша Жиняңға келді. 29 күні Жоу 
əскерлері Биңжоуды қоршауға алды əрі тайсеңүн Даши Уди бірнеше 
түмен əскермен Дұңюң, Жинжоу деген жерлерге барып, түріктерді 
қарсы алуға аттандырды.
Сол жылы Шығай, Құмыққай, Мүркет, Қытан елдері сарайға елші 
салып, көпшір тапсырды.
3 жылы көктем басқы айдың бірінші күні Жоу əскерлері Биңжоу 
қамалының іргесіне шеп құрды. Қамалдың батысында соғыс болды. 
Жоу əскерлері мен түрік əскерлері ойсырай жеңілді, адамдар мен 
жануарлардың өліктері бірнеше жүз ли аумаққа дейін жайрап шашы-
лып қалды. Пиңяң ханы Дуан Жюн жарлық бойынша оларды Ұлы 
Қорғанның сыртына дейін қуып тастап, кері қайтты.
Күз 10 қыркүйекте патшазада Жуо Нəняң ханы, Ян Дұңпиң ханы 
болып тағайындалды. Сол айда түріктер Южоуға шапқыншылық жасап, 
Ұлы Қорғанға кірді. Лулар талан-тараждық жасап қайтып кетті.
Кібісе (қыркүйектің) 11 жұлдызы сел апатына ұшыраған аймақ тар-
ға 12 елші аттандырылды əрі (ол аймақтар) салықтан босатылды. 21 
күні түріктер Южоуға шапқыншылық жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет