Т. Н.­Ер­ме­ко­ва,­Г. М.­Найманбаева,­Б. М.­Найманбаева


Тыңдалым және оқылым мәтіндеріндегі тыныс белгілері нің  қо йы лу се беп терін кестеге жазыңдар. Тілдік бағдар



Pdf көрінісі
бет169/190
Дата30.05.2023
өлшемі6.15 Mb.
#474512
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   190
811-001-001к-20 КазЯзык 11 каз УЧЕБНИК ОГН

4.
Тыңдалым және оқылым мәтіндеріндегі тыныс белгілері нің 
қо йы лу се беп терін кестеге жазыңдар.
Тілдік бағдар
Мысалдар
Сұрақтар
Жауаптар
Сөйлем 
ішіндегі 
тырнақша
Хал қы мыз да 
«же ті қа зына» 
де ген ұғым 
бар.
Тырнақша 
не себепті 
қойылған?
Дәйексөз ретінде 
алынған сөздер, сөз 
тіркестері тырнақшаға 
алынып жазылады.


279
Шешендік сөздердің маңызы
Сөз құдіретін білген қазақ «Өнер алды – қызыл тіл», «Аузы құлып
сан дықты тіс ашпаса, тіл ашады» деп тілді аспандата дәріптейді, ен ді
бір де «Басқа пәле – тілден», «Көнектей басыңа шүмектей тілің жау»,
«Ай тыл ған сөз – атылған оқ» деп, тірнектеп жиған абырой­беделің­
ді орынсыз айтылған сөздің төгіп жіберетінін алға тартады. Халық
«Құ лақ қа кірген суық сөз көңілге барып, болар мұз» деп сөз семсе рін
оң ды­солды сілтеудің адам көңілін жаралайтынын, сондықтан әр бір
сөз ге абай болуды, сөзбен жұбатуға да, жылатуға да болаты нын
мең зей ді.
Бұрынғы қазақ жұртының би­шешендері даулы мәселенің түйінін
төрт­ақ ауыз сөзбен тындырған. Билердің кесім­бітімі көп ші лік тің
көзінше жария болып отырған. Ешқандай құпия, алдын ала ымы­
раласу, пәтуаласу деген болмаған. Билер өзінің сөзін: «Ал, хала­
йық, бұған не дейсіңдер, ризамысыңдар?» – деп көпшілікке са лып,
мақұлдасқан. Осы күнгі айтылып жүрген жариялылық, де мо кра тия
дегеніміздің өзі осы емес пе?!
Билер қазақ елінің берекесі, отансүйгіштік, ерлік және ар­ұждан
сияқ ты маңызды қасиеттерді жоғалтпауға және адами құндылықтар­
ды сақтауға үйретіп отырды. Сондықтан да халық өзінің от ауыз ды,
орақ тілді, қара қылды қақ жара әділ билік айтатын шешен биле рін
хан нан бетер қадірлеп, олардың айтқан кесімді, бітімді сөздерін жа­
дын да сақтап келген.
Сөзді киелі санау, орынды сөзге тоқтау, сөздің парқы мен құдіре тін
бі лу – бүгінгі ұрпаққа да аса қажет қадірлі қасиет. Тіл өз құндылы ғын
жо йып, бағасын төмендетті ме? Әрине, жоқ. Шешендік сөз – бүгін гі
күн де де өзінің мәні мен маңызын жоғалтпаған, заман талабы ның
үде сі нен шыға алатын аса қажетті құндылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет