Т. Н.­Ер­ме­ко­ва,­Г. М.­Найманбаева,­Б. М.­Найманбаева


«Әдемі сөйлеудің көзді бұла -



Pdf көрінісі
бет39/190
Дата30.05.2023
өлшемі6.15 Mb.
#474512
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   190
811-001-001к-20 КазЯзык 11 каз УЧЕБНИК ОГН

«Әдемі сөйлеудің көзді бұла -
ғы – ха лық ауыз әдебиеті» мәтіні
Мәтіндердегі автор көзқарасы 
Көзделген аудито рия сы
Құрылымы
Тілдік ерекшелігі


63
Ұстаз­тұлғасы
Үлкен дипломат әрі ғалым, академик Төлеген Тәжібаев 
ту ра лы айтқанда, оның тамаша ұстаздық, тәлімгерлік, дәріс-
кер лік қасиеттерін ерекше атап көрсеткен дұрыс. 
Психология саласында оқыған дәрістерінің мазмұны аса 
те рең, ғылыми өрісі кең, тыңдаушыға тартымды да әсерлі 
бол ған. Ғалым-ұстаз өз дәрістерінің жинақы, логикасы
кө кей ге қо ным ды, мазмұнды, ғылыми құндылығы жоғары 
болуы на баса назар аударатын. Аудиторияны бірден баурап 
ала тын, мей лін ше байсалды да байыпты, биязы, майда 
қоңыр да уыс ырғағы да оның ұстаздық тұлғасын даралай 
түсетін. 
Оның жүзі қандай жарқын болса, ойы да сондай айқын, 
сөзі де сондай сыпайы әрі салмақты болатын. Біреумен сөй-
ле се кел ген де, оның сөзінен білімді, мәдениетті адам екені 
бір ден сезі ле тін. Бірқатар кісінің әдептілігі бойына біткен 
қа сиет бол май, жасанды, бірде олай, бірде бұлай болаты ны 
да бар, ал Т.Тәжібаевтың ізеттілігі оның қанына әбден сің ген 
қа сиет бо ла тын.
Мұхтар Әуезов, Төлеген Тәжібаевтар лекция оқығанда, 
сту денттер қалт етпей отырып, сүйсіне, ынтыға тыңдайтын. 
Тың дау шыларын жалықтырмай, қызықтыра, еліктіре сөй-
леу ге білім, шеберлік, мәдениеттілік керек.
(Мәулен Балақаевтың «Қазақ тілі
мәдениетінің мәселелері» еңбегінен)
­Әдемі­сөйлеудің­көзді­бұлағы­–­халық­ауыз­әдебиеті
Кел, жас дос, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлеуді 
үйренейік. Әдемі, әдеби сөйлеудің көзді бұлағы – кітап. 
Кі тапты жай оқып қоймай, ондағы сөздерге, сөйлемдерге 
назар аудар, есіңе ұста, өзіңнің сөзіңде пайдалан. Әдемі 
сөйлеудің тағы бір көзді бұлағы – халық ауыз әде биеті.
1. Шешендікке, ақыл-нақылға негізделген даналық сөз -
дер ді, жыраулардың толғауларын, термелерін көп оқы.
2. Мақал-мәтелдерді сөздік қорыңа қосып, оларды ұтымды 
пайдалануға тырыс.
3. «Шешендік қоржынын» жаса. Бұл қоржынға ойлы сөз-
дерді жинап, жазба жұмыстарыңда пайдалануға тырыс.
(Қанипа Бітібаеваның «Әдебиетті
оқыту әдістемесі» еңбегінен)


64
• Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.
• Бір жылы сөз бітірер мың көңілдің жарасын.
• Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді.
• Сәлемі жараспағанның сөзі де жараспайды.
• Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.
• Сөйлей білмес жаманның cөзі – өтпес бір пышақ,
Сөз білетін адамның әр сөзіне бір тұсақ.
3.
Мақал-мәтелдерді және Абылай ханның нақыл сөзін пайдаланып, 
шығарма шы лық жұмыс (өлең не әңгіме) жа зың дар.
…Абылай хан қазақ елшілерін қалмақ елі не аттанды-
рып тұ рып: «Үлкендеріңді кішілерің сыйлаң дар, кішінің де 
сөзін тың даң дар. Өздеріңді жат елдің ал дын да жақсы елдің 
бала сын дай ұстаңдар. Қол бастай тын ба тыр болу да қым бат, 
жол бастайтын көсем болу да қым бат, бәрінен де ел тағдырын 
шешетін шешен болу қымбат… Ауыз дан шық қан сөз атылған 
оқпен бірдей, қайтып ала алмай сың дар. Сөз сөйлегенде, ойлап 
сөйлеу керек», – деген екен.
(«Қазақтың би-шешендері» жинағынан)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет