Xviii ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі



Дата20.11.2023
өлшемі0.55 Mb.
#483770
XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті. 2


XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті.
Қазақтың ұлттық қолданбалы өнерінің бірегейлігі
7.2.2.4 қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
1- тапсырма. Сәйкестендіру тесті

1

Кесте тоқу өнері

А

Мосы, ошақ, қақпан, бәкі, пышақ, үзеңгі, ұстара, іскек, арба дөңгелегі, қазық т.б. тұрмыс және шаруашылық заттарын жасады.

2

Ши тоқу өнері

В

Әшекейлер соғумен қатар, ер –тұрман, қамшының сабы, ағаш төсек, сандық, кебежелерді алтынмен аптап, күміспен күптеп жасады.

3

Зергерлер

С

Ағаштан жасалған бұйымдар берік әрі жеңіл болды.

4

Ұста, темірші

Д

Керегенің сыртына тұтуға, үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ тұрған орынды қоршап, көлегейлеп қоюға, киіз үйдің есігін жабуға пайдаланған.

5

Ағаш шебері

Е

Ер-тұрман жабдықтарының алатын орны ерекше болды.

6

Ер қосу

Ж

Киім-кешек, төсек –орын жабдықтары, орамал, дастарқан, атжабулар, түйежабулар көркемделген.



1

2

3

4

5

6




















2- тапсырма. «Галереяға саяхат» әдісі




3- тапсырма. Адасқан әріптер
ШМОАҚЫЫТ -
ІНГТІШІ -
НӨЛРЕОҚ -
КЕРӨМ –
4- тапсырма. Ақиқат / жалған



Ақпарат

Ақиқат

Жалған

1

Тұрмыс пен шаруашылықта қолданылатын бұйымдарды қолдан жасайтын кәсіптің аты – тоқымашылық.







2

Әшекей бұйымдарды соғуға кәсіптенген шебер зергер деп аталды.







3

Қазақ ұсталары Дәуір пайғамбарды пір тұтқан







4

Тігіншілікті кәсіп еткендер тоқушы деп аталды.








5- тапсырма. ПТМС формуласы
«XVIII ғасыр қазақ халқының қолданбалы өнерінің гүлденген дәуірі» тақырыбына, ПТМС формуласын қолданып, талдау жасаңыз.
Позиция «XVIII ғасыр қазақ халқының қолданбалы өнерінің гүлденген дәуірі деп санауға болады/болмайды.
Түсіндіру (себебі...)
Мысал (мұны мынадай 2 мысал арқылы дәлелдей аламын.... )
Салдар (қорытынды жасаймын....)


6- тапсырма. «Борт журналы» әдісі



Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім? 

Мен не білемін?


Дұрыс жауаптары:

  1. 1-ж, 2-д, 3-в, 4-а, 5-с, 6-е

  2. 1) Күмістелген ер, 2) Өрмек басындағы тоқымашылар. 3) Зергерлер соққан әшекей бұйымдар. 4) Ағаш шеберінің қолынан шыққан төсек. 5) Сүйекпен әсемделген кебеже.

  3. 1) Тоқымашы, 2) тігінші, 3) қолөнер, 4) өрмек

  4. 1-ж, 2-а, 3- а, 4 –ж

  5. 1) Болады. 2) Себебі онда көп өнер түрлері қалыптасты. 3) 1мысал:тоқымашылық өнердің тігіншілік ши тоқу және т.б өнердің дамуы. 4) 2мысал ұлттық киімдердің тігілуі және жоғарғы бағада бағалануы. 5) Қорытындылай келе XVIII ғасыр бұл қазақ халқының өнері дамыған дәуір болып табылды.

  6. Әр оқушы тақырып бойынша түсінгенін жазады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет