Т. Н.­Ер­ме­ко­ва,­Г. М.­Найманбаева,­Б. М.­Найманбаева


Шешендік сөздің құрылысына қарай түрлері



Pdf көрінісі
бет62/190
Дата30.05.2023
өлшемі6.15 Mb.
#474512
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   190
811-001-001к-20 КазЯзык 11 каз УЧЕБНИК ОГН

Шешендік сөздің құрылысына қарай түрлері
Шешендік сөздер композициялық құрылысына қарай пернелі сөз
және термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбен айтылған
шешен дік сөздер – пернелі сөз; толғау, тақпақ түріндегі шешендік
сөздер термелі сөз деп аталады.
Тер ме лі сөз
Пер не лі сөз
Құ ры лы сы өлең­жыр ға ұқ сас
ше шен дік сөз дер. Өлең­ жыр дан
ай ыр ма шы лы ғы ше шен дік тер ме
үшін бу ын, бу нақ са нының бір­
кел кі бо луы шарт емес. Ұй қа с тан
гө рі ыр ға ғы мен іш кі ма ғы на лық
бай ла ны сы на на зар ау да ры ла ды.
Көр кем қа ра сөз бен ай ты ла тын
ше шен дік сөз дер. Сөз де рі сұ рып ­
та лып, сөй лем де рі ек ше ліп, кө ле­
мі жа ғы нан ық шам бо лып ке ле ді.
Ай ту шы жел дір те, ек пін де тіп сөй­
леп отыр ған да, бір де ұй қа сып, бір­
де үн де сіп, өлең сияқ ты ес ті ле ді.


102
6.
Шешендік сөздерді оқып, құрылысына қарай қай түрі (термелі сөз, 
пернелі сөз) екенін анықтаңдар.
Өнер – ризық, несібе таусылмайтын...
Бір үлкен жиында Шойынбеттің тапқырлығын сынамақ 
болған Сыздық төре: «Дәулет артық па? Бақ артық па? Өнер 
артық па? Тіл байлық артық па?» – деп сұрапты. 
Сонда Шойынбет: 
Дәулет – қолдың кірі жусаң кететін,
Бақ – сел-көшкін уақытпен өлшенетін.
Өнер – ризық, несібе таусылмайтын, 
Тіл байлық – ізгілік мұрат,
Ұрпаққа сөз қалдыратын, –
деп жауап беріпті.
Шойынбет би Әулиеатадағы ушыққан жесір дауына төбе 
би болып, билікті былай аяқтаған екен:
Дау – берекенің іріткісі,
Рушылдық – бөлінгеннің белгісі,
Бөлінгенді бөрі жейді… 
Ашу – араз, ақыл – дос, 
Ағайын ақылына ақыл қос… 
Бірлік түбі – береке, 
Біріккенді жау алмайды… 
Мал дауы малмен бітер,
Жан дауы – жегі құрт, 
Жегі құрттан арылған ләзім.
Бұл – ел арасындағы даудың арты болсын!
(«Шешендік өнер» хрестоматиясынан)
7.
Екі тапсырманың бірін орындаңдар.
1. Электр шәйнек, электр пеш т.б. өнертабыстар ту ра лы ақ па рат 
жа зып ке лің дер.
2. «Өнер – ризық, несібе таусылмайтын

» тақырыбында шығар-
ма жа зыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет