Т. Н.­Ер­ме­ко­ва,­Г. М.­Найманбаева,­Б. М.­Найманбаева


Мәтінді оқып, идея сын, та қы ры бын анық таң дар, кейіп кер ле рі не  мі нез де ме беріңдер. Тыныштық күзетшісі



Pdf көрінісі
бет82/190
Дата30.05.2023
өлшемі6.15 Mb.
#474512
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   190
811-001-001к-20 КазЯзык 11 каз УЧЕБНИК ОГН

3.
Мәтінді оқып, идея сын, та қы ры бын анық таң дар, кейіп кер ле рі не 
мі нез де ме беріңдер.
Тыныштық күзетшісі
…Бірнеше жылға созылған соғыс дәулеті шағын шалғай-
да ғы ауылды әбден титықтатып, жуанын жіңішкертіп, жі-
ңіш ке сін үзер халге жеткізген еді. Адамдар әр күн, әр ай дан 
үміт кү тіп, енді бір сілкінсе, енді бір терін төксе, жеңіске же-
те міз де ген үмітпен қамбалары мен қаптарындағы барын, есі-
гі нің ал дын да ғы адалын аза мат тар жолында садақа деп, со-
ғыс қа аттандырып жатты.
Ел басындағы осындай ауыр хал ұры-қарыларды көбейтіп 
жі бер ді. Мал ұрлаушылар, кісі тонаушылар, бір таба нанға 
бо ла адам өл ті ру ші лер де соңғы кезде көбейіп кетті… 
Бұл оқиға Демесінге ерекше әсер етті. Ұрылар мен «пәшис-
тер дің» түп төркіні бір деп есептейтін Демесін соңғы күнде-
рі тү не ме ге ұйықтамай шығатын болды. Ол ауылды айнала 


138
шауып, таң атқанша тарс-тарс мылтық атып, жұрттың үре-
йін алып бітті.
«Бұл жағдайдан қандай жол табу керек?» деген мәселе -
мен ауыл активтері колхоз бастығы Ормантайдың кеңсесін де
мә жі ліс құрып отырған беті еді…
– Ал не деп кеңес бересіңдер сонда? – деді Ормантай шара-
сыз кейіппен…
Қазақтағы «кімді айтсаң – сол келеді» деген мақалдың та-
за өмірден алынғанын іс жүзінде дәлелдегісі келгендей, дәл 
осы сәтте есік айқара ашылып, қолында дорбасы бар Де ме сін 
кі ріп келді. Әркім тұрған-тұрған орнында қатып қалды…
Ормантай орнынан тұрып, оның қасына жақындады.
– Мынау не? – деді ол оның дорбасын ұстап.
– Оқ, – деді ол солдаттарша сарт жауап беріп.
– Көп қой өзі. Мұның бәрін қайтесің?
– Атам!
– Кімді, батыр-ау?
– Соғысты!
– Ей, батырекесі! Болды, болды! Жұрттың зәресін алма. 
Мылтық ататын жер – бұл емес, ана жақта, – деді Ормантай 
алысқа қолын сілтеп. Демесін оған төніп келді де:
– Иә, сол жақта. Мені соғысқа жібер. Мен соғысқа ба-
рам, – деді жау қуғандай аптыға сөйлеп. 
– Жоқ, саған баруға болмайды, – деді Ормантай күрсініп.
– Неге болмайды деймін? Айт, неге болмайды?
Ормантай ойланып, әрі-бері жүрді де, оның иығына қо-
лын салып тұрып:
– Сен мұнда керексің, – деді.
Демесін түкке түсінбей тұрып қалды.
– Сен біздің тыныштығымызды күзетесің. Түсіндің бе?
Енді Демесін ойланып қалды. Сәлден соң жүзіне шырай 
кіре бастады.
– Мен… мен керекпін бе?
– Иә, керексің, ауылға фашистер мен ұры-қарыларды жі-
бер меуді саған тапсырамыз. Сен тыныштық күзетшісі бола сың.
– Мен – тыныштық күзетшісі?! Мына мен? Жарайсың
бас тық! Сен дүниедегі ең ақылды адамсың! Мен тыныштық 
кү зет шісі боламын! Иә, тыныштық күзетшісі!..
(Дулат Исабеков)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   190




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет