242
Экономиканың
табиғат
ресурстарымен
қамтамасыз
етілуі
экология
заңдылықтарына бағынышты екені ұзақ уақыт мойындалмай келді. Бірақ, соңғы он
жылдықтарда өндіргіш күштердің қарқыны өсуіне байланысты бұл тәуелділік айқын
сезіле бастады.
Экологиялық мәселелерді талдау және экономиканың ресурс үнемдеуші түрақты
даму жолына түсу үшін жаңа шешімдер қажет екенін талап етуде. Қазіргі нарық
жағдайында қанша өнім шығару емес, табиғатқа зиян келтірмей қанша ресурс пайдалануға
болады, табиғаттың қалыпты жағдайын өзгертпей қаншалық әсер етуге болады деген
мәселені шешу керек.
Шешім қабылдаудағы маңызды мәселенің бірі - ҒТП нәтижесінде табиғат
ресурстарын қаншалықты жасанды ресурстармен алмастыруға болатындығы. Ондай
мүмкіндіктер
өте шектеулі, ал кейбір адамға аса маңызды табиғат игіліктерін және
экологиялық жүйені ештемемен алмастыруға болмайды. Мысалы, отын ресурстарын бір-
бірімен алмастыруға немесе олардың орнына күннің немесе желдің қуатын пайдалануға
болады, ал табиғи ландшафты, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, олардың тұқым
қорларын, ішетін суды, демалатын ауаны,
өзен қабатын, т.с.с. жасанды заттармен
алмастыруға болмайды. Тіпті, жасанды заттардың өзі алғашында табиғаттан алынады.
Қазіргі экономикалық теорияның кемшіліктерінің бірі экологиялық факторларды
экономикалық категорияларға қосу, өйткені маркстік саяси экономия экономикалық
категорияға адамның еңбек нәтижесін ғана қосты. Шындығында құндылықтар табиғат
ресурстары мен экологиялық жағдайлардың қатысуымен құрылған нәтижелер мен
шығындар жиынтығы. Жасалуына белгілі түрде табиғи ортаның факторлары мен жағдайы
қатыспаған құндылық жоқ.
Экономиканың маңызды көрсеткіші - елімізде өндірілген тауар мен қызметтің
бағасы. Бірақ өнімнің әр өлшемін өндіргенде одан 10 еседен артық қалдық шығарылады,
ал табиғатты пайдалануда одан бірнеше есе көп.
Бұл қалдықтар, табиғи ортаны ластап,
тіршілік жағдайын қиындатумен бірге адамдардың игілігін кемітеді.
Қазіргі
экологиялық-экономикалық
және
әлеуметтік
талаптар
табиғат
ресурстарының бар-жоғына қарамастан экологиялық мәселелерді тез де тиімді шешімін
қажет етеді.
Сонымен, экологиялық бағытгағы құрылымдық өзгерістер ресурстарды
экономиканың бастапқы секторынан екінші секторына (өндеуші өндіріс, құрылыс,
транспорт, байланыс) және одан кейінгі секторларға (қызмет көрсету және білім мен
ақылды қажет ететін өндірістерге) ауыстыру болуы керек. Мұндай өндірістерге қазіргі
қалыптаса бастаған нарықтық қатынастар, механизмдер мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
мемлекеттік реттеу және экономикалық ынталандыру маңызды рол атқарады.
Макроэкономикалық шаралар экономикалық және әлеуметтік тиімділіктермен
қатар табиғатқа жүктемені азайтуды көздеуі керек. Табиғатты қорғау бағытында салық,
төлемдер, қаржыландыру механизмдерін өзгерту оң нәтижелер береді. Мысалы, табиғат
пайдаланушы алғашқы салаларға салық шамасын арттырып, кейінгі дайын өнімдер
шығарушы салаларда салықты азайту соңғыларын дамытуға ынталандырады.
Халықаралық қауымдастықтың және жеке елдердің табиғат ресурстарының, оның
ішінде табиғат сыйымдылығының шектеулі екендігіне көздері жеткеннен кейін тұрақты
даму туралы ой-сана қалыптаса бастады және антропогендік апаттарды болдырмайтын
бірден-бір жолы деп танылды.
Табиғи ортаны сауықтыруға және экономиканы тұрақты дамытуға бағытталған
кешенді және үйлесімді табиғатты пайдалану жүйесін қалыптастыру біздің еліміз үшін де
өте өзекті мәселе. Өйткені бұрынғы кеңестік жүйе біржақты табиғат ресурстарын
пайдалану саясатымен және әскери қару-жарақтар сынаумен
біздің территориямызда
көптеген экологиялық апатты жағдайлар қалдырды.
Сондықтан табиғатты пайдалану экономикасын табиғатты қорғау мен табиғат
ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтитын кең мағынада қолдана отырып және пәннің
243
басты мәселесі ретінде алып, соған байланысты басты назар экономиканың дамуына
біртұтас әлеуметтік-экономикалық және экологиялық көзқарас қалыптастыруға
аударылды.
Еліміздің нарық экономикасына өтуіне байланысты бұрын зерттелмеген
экологиялық-экономикалық мәселелер туындады. Оның ішінде табиғат ресурстарының,
табиғатты пайдаланудың құндылығын анықтау, табиғатты
пайдалануды басқарудың
әкімшілік және экономикалық жүйелерін үйлестіру, арқылы табиғатты пайдалану
механизмін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: