«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет128/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Н.Қ. Мамыров, М.С.Тонкопий, Е.М.Үпішев «Табиғатты пайдалану 
экономикасы» Алматы – 2005 жыл. 
2. Е.М.Үпішев, С.Мұқаұлы «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау» 
Алматы – 2006 жыл. 
3. Қ.Н. Налмишова «Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік 
географиясы» Шымкент – 2006 жыл. 
ОӘЖ 33.332 
 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ САҚТАУ
 
Қуанғалиқызы Н., студент, Ш.Есенов атындағы КМУТИ, Ақтау қ.,
Ғылыми жетекші: Тасболатова А.А. 
 Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы, 
 
Аңдатпа. Қоршаған ортаны сауықтыру ықпал етуде және экономиканың тұрақты 
дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде 
қалыптастыру ісі - әлем елдерінің алдында тұрған маңызды проблема болып табылады, 
сондықтан қоғам мен табиғат арасындағы өзара қайшылықтардың кедергісінен өту - 
өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ. 
Түйінді сөздер: Экология, экономикалық механизм, нарық, ҒТП. 
Қазіргі тарихи кезеңде қоғамның дамуының табиғатпен үйлесімділігі өте өзекті 
мәселеге айналды. Табиғатпен үйлесімсіз экономиканың өсуі болмайтындығын дамыған 
елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Табиғат ресурстарын сарқылтып және қоршаған 
ортаны ластап ешқандай экономикалық өсу болмайтынына әлемдік қауымдастықтың көзі 
жетті. Сондықтан табиғатқа және табиғатты пайдалануға жаңа көзқарас қалыптасуы 
керек. 
Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет 
ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи-
ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып 
келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған түрақты 
даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді. 
Осылардың шешімін табу үшін экономика саласындағы мамандардың экономика 
мен табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және экология негіздерінің ауқымындағы 
білімін талап етеді. Осы тұрғыдабіздер экономика мамандығы «Табиғатты пайдалану 
экономикасы» пәнін аштық. 
Табиғат - біздің анамыз. Оны таза ұстау, қорғау, экологаялық орта қалыптастыру 
біздің еліміз, адам баласының келешегі үшін қажет. Сондыктан экологиялық күрес — өмір 
үшін күрестің негізі болып табылады. 
Экономика саласында жаңа экологиялық-экономикалық жобаларды қалыптастыру 
үшін экономикалық дамуды экологиялау қажет болады. Қоғамның техносферамен және 
оны қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасына экономиканың барлық құрылымдары 
мен салалары - өндіріс, бөлу және тұтыну қамтылған.
Осыған байланысты экономиканың дамуы адамзат қоғамындағы қажеттіліктің 
шексіздігі, ал қажеттілікті қанағаттандыратын материалдардың ресурстар шектеулілігі 
туралы түбірлі жағдайды мойындауымыз керек. Ол жағдай шектеулі ресурстармен 
қажеттілікті неғұрлым толық қанағаттандыру үшін экономикалық процестерді 
оңтайландыру, тиімділігін арттыру қажетілігін туғызады. 


242 
Экономиканың 
табиғат 
ресурстарымен 
қамтамасыз 
етілуі 
экология 
заңдылықтарына бағынышты екені ұзақ уақыт мойындалмай келді. Бірақ, соңғы он 
жылдықтарда өндіргіш күштердің қарқыны өсуіне байланысты бұл тәуелділік айқын 
сезіле бастады.
Экологиялық мәселелерді талдау және экономиканың ресурс үнемдеуші түрақты 
даму жолына түсу үшін жаңа шешімдер қажет екенін талап етуде. Қазіргі нарық 
жағдайында қанша өнім шығару емес, табиғатқа зиян келтірмей қанша ресурс пайдалануға 
болады, табиғаттың қалыпты жағдайын өзгертпей қаншалық әсер етуге болады деген 
мәселені шешу керек.
Шешім қабылдаудағы маңызды мәселенің бірі - ҒТП нәтижесінде табиғат 
ресурстарын қаншалықты жасанды ресурстармен алмастыруға болатындығы. Ондай 
мүмкіндіктер өте шектеулі, ал кейбір адамға аса маңызды табиғат игіліктерін және 
экологиялық жүйені ештемемен алмастыруға болмайды. Мысалы, отын ресурстарын бір-
бірімен алмастыруға немесе олардың орнына күннің немесе желдің қуатын пайдалануға 
болады, ал табиғи ландшафты, өсімдіктер мен жануарлар әлемін, олардың тұқым 
қорларын, ішетін суды, демалатын ауаны, өзен қабатын, т.с.с. жасанды заттармен 
алмастыруға болмайды. Тіпті, жасанды заттардың өзі алғашында табиғаттан алынады. 
Қазіргі экономикалық теорияның кемшіліктерінің бірі экологиялық факторларды 
экономикалық категорияларға қосу, өйткені маркстік саяси экономия экономикалық 
категорияға адамның еңбек нәтижесін ғана қосты. Шындығында құндылықтар табиғат 
ресурстары мен экологиялық жағдайлардың қатысуымен құрылған нәтижелер мен 
шығындар жиынтығы. Жасалуына белгілі түрде табиғи ортаның факторлары мен жағдайы 
қатыспаған құндылық жоқ. 
Экономиканың маңызды көрсеткіші - елімізде өндірілген тауар мен қызметтің 
бағасы. Бірақ өнімнің әр өлшемін өндіргенде одан 10 еседен артық қалдық шығарылады, 
ал табиғатты пайдалануда одан бірнеше есе көп. Бұл қалдықтар, табиғи ортаны ластап, 
тіршілік жағдайын қиындатумен бірге адамдардың игілігін кемітеді.
Қазіргі 
экологиялық-экономикалық 
және 
әлеуметтік 
талаптар 
табиғат 
ресурстарының бар-жоғына қарамастан экологиялық мәселелерді тез де тиімді шешімін 
қажет етеді. 
Сонымен, экологиялық бағытгағы құрылымдық өзгерістер ресурстарды 
экономиканың бастапқы секторынан екінші секторына (өндеуші өндіріс, құрылыс, 
транспорт, байланыс) және одан кейінгі секторларға (қызмет көрсету және білім мен 
ақылды қажет ететін өндірістерге) ауыстыру болуы керек. Мұндай өндірістерге қазіргі 
қалыптаса бастаған нарықтық қатынастар, механизмдер мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 
мемлекеттік реттеу және экономикалық ынталандыру маңызды рол атқарады. 
Макроэкономикалық шаралар экономикалық және әлеуметтік тиімділіктермен 
қатар табиғатқа жүктемені азайтуды көздеуі керек. Табиғатты қорғау бағытында салық, 
төлемдер, қаржыландыру механизмдерін өзгерту оң нәтижелер береді. Мысалы, табиғат 
пайдаланушы алғашқы салаларға салық шамасын арттырып, кейінгі дайын өнімдер 
шығарушы салаларда салықты азайту соңғыларын дамытуға ынталандырады. 
Халықаралық қауымдастықтың және жеке елдердің табиғат ресурстарының, оның 
ішінде табиғат сыйымдылығының шектеулі екендігіне көздері жеткеннен кейін тұрақты 
даму туралы ой-сана қалыптаса бастады және антропогендік апаттарды болдырмайтын 
бірден-бір жолы деп танылды. 
Табиғи ортаны сауықтыруға және экономиканы тұрақты дамытуға бағытталған 
кешенді және үйлесімді табиғатты пайдалану жүйесін қалыптастыру біздің еліміз үшін де 
өте өзекті мәселе. Өйткені бұрынғы кеңестік жүйе біржақты табиғат ресурстарын 
пайдалану саясатымен және әскери қару-жарақтар сынаумен біздің территориямызда 
көптеген экологиялық апатты жағдайлар қалдырды. 
Сондықтан табиғатты пайдалану экономикасын табиғатты қорғау мен табиғат 
ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтитын кең мағынада қолдана отырып және пәннің 


243 
басты мәселесі ретінде алып, соған байланысты басты назар экономиканың дамуына 
біртұтас әлеуметтік-экономикалық және экологиялық көзқарас қалыптастыруға 
аударылды. 
Еліміздің нарық экономикасына өтуіне байланысты бұрын зерттелмеген 
экологиялық-экономикалық мәселелер туындады. Оның ішінде табиғат ресурстарының, 
табиғатты пайдаланудың құндылығын анықтау, табиғатты пайдалануды басқарудың 
әкімшілік және экономикалық жүйелерін үйлестіру, арқылы табиғатты пайдалану 
механизмін жетілдіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет