«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет156/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. www.stat.gov.kz 
2. Group-global.orgАвторы: М.Бисенова
3. ТасболатовА.Түрме жетіскеннен отыратынжер емес //Егемен Қазақстан. № 2013 
ж. 
ӘОЖ 547:378(045) 
 
ОГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ҰҒЫМДАРДЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСІНДЕ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
 
Кушербаева Қ., магистрант, Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Актау қаласы 
Научный руководитель: Туркменбаева М. Б. 
Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Актау қаласы 
 
Аннотация: Мақалада білім беру саласында органикалық химия курсы мазмұнын 
жетілдірудің негізгі бағыты мен ұғымдарын ашып көрсету арқылы оқу пәнінің 
мүмкіндіктерін барынша толық пайдаланудың әдістемелік мәселелері қарастырылған. 
Түйінді сөздер: органикалық химия, оқыту әдістемесі, ұғымдар жүйесі, 
жаттығулар.
Органикалық химияны оқып үйренуде жаттығулар алуан түрлі қызмет атқарады. 
Олар оқытушыға баяндау процесінде материалды студенттердің қаншалықты 
түсінгендігін тексеруге, өтілген материалды пысықтауға, қалыптастырылатын ұғымдарды 
дәлелдей, тереңдете түсуге, білімді қолдана білуді үйретуге мүмкіндік береді. Жаттығулар 
студенттердің таным қабілетін сөзсіз дамытатын құрал екендігі белгілі. 
Оқытушы бір жаттығуларды жаңа материалдарды баяндау немесе оны 
қорытындылау процесінде пайдаланады – бұлар білімді жаңа жағдайға көшіруді керек 
етпейтін біршама оңайлау мәселелер; басқа, күрделілеулерін білімді бекітуге үйге 
тапсырмаға береді, үшіншілерін келесі сабақтарда білімді тексеру, ұғымдарды нақтылап, 
дамыту үшін пайдаланады, жаттығулардың бір бөлігін аудиторияда студенттердің 
өздігінен жұмыс істеуі үшін іріктеп алады және т.с.с. 
Жаттығуларды таңдау тақырыптың, сабақтың, қалыптастырылатын белгілі бір 
ұғымның барлық негізгі мәселелерін қамтуы тиіс. Мысалы, метанды өткенде бұл газдың
жеңіл, түссіз, жанғыш екендігі, оның оттекпен және ауамен қоспасының қопарылыс 
беретін қауіпті екендігі айқындалады, жану өнімдері бойынша заттың сапа құрамы жайлы 
болжау жасалады. Студенттер бұл ұғымдарды қаншалықты меңгергендігін қалай 
тексеруге болады? Қайталайтын жауапқа есептелген тікелей сұрақтар бұл мақсат үшін 
онша нәтижелі еместігі айқын нәрсе. Білімді саналы түсініп меңгерудің белгісі оны 
басқаша жағдайда қолдана білу болып табылады. Мұнда сонымен қатар ұғымдарды 
нақтылап, дамыта түсуге көмегін тигізетін жаңа білім элементтері пайда болуы тиіс. 
Метан бірқатар белгілері бойынша сутекпен ұқсас. Айыратын белгілерін табу 
қажеттігі туады, осыған байланысты мынадай сұрақтар қоюға болады: метанды сутектен 
қалай ажыратуға болады? Газдардың тығыздығын табу жайлы ұғымды бекіту мақсатымен 


310 
метанның сутек және ауа бойынша тығыздығын анықтау ұсынылады. Жану реакциясын 
және оны метанның сапалық құрамын дәлелдеу үшін пайдалануды қалай меңгергендігін 
тексеру үшін сандық құрамын анықтау әдісін табуды ұсыну керек. Бұл жаттығуды 
орындау 
метан 
жанған 
кездегі 
газдардың 
көлемдік 
арақатынасын 
білу 
қопарғылыштықтың жоғарғы және төменгі шектеріндегі газдардың арақатынасын табу 
жайлы мәселе қоюға мүмкіндік береді. 
Метанның химиялық қаситтерінен хлорлау реакциясы барынша толық 
қарастырылады. Қайталанатын сұрақтарды қолданбау үшін, басқа галогендердің әсері 
туралы түсінік беріп, метанды бромдау реакциясының теңдеуін, йодоформның 
формуласын және т.б. келтіру ұсынылады. 
Жаттығуларды көп жағдайда ұғымдарды қалыптастырып, дамытудың ажырамас 
элементін құрайтындықтан, оларды шығарып тастау білімнің жеткіліксіз болуына әкеп 
соғады.
Студенттер белгілі бір заттың химиялық қасиеттерін сипаттағанда, көбіне сабақта 
өтілген реакцияларды ғана келтіретіндігі мәлім. Жаттығулардың мақсаты – елеулі белгі – 
реакциялардың типі бар болғанда реагенттерді таңдап алу өзгермелі белгі екендігін 
көрсету. Сондықтан, мысалы, спирттердің гомологтық қатарын оқып үйрену кезінде 
спирттердің әр түрлі сілтілік металдармен және галогенсутектермен реакциялары 
теңдеулерін құруға, симметриялық қана емес, сондай-ақ аралас эфирлерді алуға арналған 
жаттығулар беріледі. 
Тек жаттығулардың көмегімен ғана үлкен молекулалы заттар мен олрды 
синтездеу үшін полимерлену және поликонденсациялау реакцияларының маңызы жайлы 
ұғымды едәуір кеңейтуге болады. Студенттер тек жаттығулар жүйесінде ғана тефлонның, 
полихлорвинилдің, кейбір каучуктардың, синтетикалық талшықтар – лавсан, нейлон, 
тағыда басқаларының синтезделуі, құрылысы және жалпылама түрде қасиеттерімен 
танысады. Мұндай жаттығуларды орындау тұтасымен бұрыннан игерген білімді 
қолдануға негізделеді де оларды тереңдетіп, бекіте түседі. Тефлонның синтезі этиленнің
полимерлену реакциясын түсінуді нықтайды; лавсан синтезін қарастыру этерификация 
реакциясын білуді керек етеді; полиамидті талшықтар синтезі теңдеулерін құрастыруға 
арналған жаттығулар амин қышқылдарының поликонденсациялау реакциясы жайлы 
білімді бекітеді және т.с.с.
Органикалық химияның жалпы ұғымдарын қалыптастырып, дамытуда 
жаттығулардың ролі ерекше айқын көрінеді.
Гомология ұғымы көмірсутектерінің алғашқы қатарларының мысалында 
қалыптасатындығы белгілі. Осы ұғымды меңгерген білім алушылар кейін өтілген заттар 
үшін гомологтық қатарларды өздері табуы тиіс.Гомологтарды жай біліп қою онша 
маңызды болмаса да, әр алуан заттарды оқып үйрену кезінде олардың структуралық 
формулаларын қарастыруға арналған жаттығуларды үнемі орындау қажет, атап айтқанда, 
гомология және изомерия ұғымдарын ажыратуға байланысты жаттығулар үнемі берілуі 
керек. 
Өтілген ұғымдарды салыстырып, қорытындылауға арналған жаттығуларды 
айрықша ойластырып берген жөн. Мұндай жаттығуларды осы логикалық операцияларды 
қажет ететін білім қоры жинлуына қарай жүйелі түрде беріп отыру керек. 
Жаттығулар ұғымдарды қалыптастыру және дамыту процесінде орынды түрде 
енетіндіктен, оларды үйге тапсырмаға беріп, кейін дәптерлерін көз жүгіртіп қарап 
шығумен шектелмей, аса маңызды жаттығуларды аудиторияда талқылап, олардан туатын 
қажетті қорытындыларды тұжырымдап отырған жөн. 
Пәнді оқып үйренудегі жоғары нәтиженің – студенттердің білімі мен дамуы 
сапасының көрсеткіші – олардың жаттығулар құрастыруы болып табылады. Жаттығуды 
тұжырымдау үшін әр түрлі блімді салыстырып, көптеген синтездеу жұмысын атқарып, 
осыған сүйене отырып, шешуді керек ететін сұрақты көре білу талап етіледі. Мұндай 
жұмыс ғылымға интеллектуальды ынта – ықыластың пайда болуына және белсенді ақыл – 


311 
ой әрекетінің дамуына зор мүмкіншілік беретінін біле отырып, студенттерді бұған 
барынша талпындыру керек. Студенттердің қызық сұрақтар мен жаттығуларды 
тұжырымдай алатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Тәрбиелік мақсатта олардың 
ұсыныстарын аудиторияда талқылап, ең сәтті шыққандарын сабақта пайдаланып 
отырудың маңызы зор. 
Сонымен, ұғымды қалыптастыру процесін ойдағыдай және мақсатты түрде 
басқару үшн оқытушы әрбір ұғым үшін негізгі кезеңдерді айқын біліп, әзірлік 
жұмысының мазмұнын не құрайтынын алғашқы оқып зерттеу кезінде қандай белгілер, 
қандай материалдар арқылы және қандай тереңдікте ашылуы керек екенін, одан кейін 
қандай жақтары дамытылуы тиіс екенін, ұғымды қолдану және оны бекіту үшін қандай 
мүмкіндіктер қарастырылуы қажет екенін анықтауы керек. Ұғымдарды алдын ала талдау 
процесінде студенттердің ой желісін дұрыс басқаруды қамтамасыз ету үшін оларды оқып 
үйрену студенттерден қандай ой операцияларын (салыстыру, абстракциялау, т.с.с.) керек 
ететінін анықтау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет