Екі объектінің арасында байланыс жасау үшін, тышқанды шертіңіз.
Практикалық тапсырма №4. Әйнектің сынығын жасау
Corel Draw графикалық редакторын іске қосып,
кез-келген суретті
импорттаймыз: Файл → Импорт командасы арқылы (148-сурет).
Импортталған суреттің үстіне Bezier (Кривая Безье) инструментінің
көмегімен үшбұрыш сызамыз (149-сурет).
148-сурет
149-сурет Сызылған үшбұрыштан әйнектің сынығын жасаймыз.
Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен үшбұрышты белгілеп: Effect →
Extrude → Edit (Эффекты → Экструзия → Изменить) командасының көмегімен
келесі параметрлерді беріңдер (150-сурет).
Жоғарыдағы параметрлер берілсе, онда Apply батырмасын басыңыз.
Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен үшбұрышты белгілеп: Arrange
→ Break Extrude Group Apart (Расположение → Разделить группу экструзии).
Нәтижесінде үшбұрыш
өзінің көлемінен бөлектенеді, бірақ бұл әрекет
байқалмайды.
FillTool (Заливка) құрал-сайманының көмегімен көлемді үшбұрышты бояңыз.
Outline Tool (Обводка) құрал-сайманының ішінен No Outline (Удалить обводку)
құрал-сайманын
таңдап алыңыз, сонда көлемді үшбұрыштың жиегі алынады
(151-сурет).
150-сурет
151-сурет
Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен үшбұрышты белгілеп: Effects →
Lens (Эффекты → Линза) командасын орындағанда Линза сұқбат терезесі
ашылады. Оның ішінен Линзаның Magnify (Увеличение) түрін
таңдап алып
келесі параметрлерді беріңіз (152-сурет).
Параметрлерін беріп болсаңыз, Apply басыңыз.
Нәтижесінде төмендегідей әйнектің сынығы пайда болады (153-сурет).
152-сурет
153-сурет (нәтиже)