Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С


тақырып. Анимация құру құралдары Flash– технологиясы. Web-



Pdf көрінісі
бет42/73
Дата15.06.2023
өлшемі4.67 Mb.
#475077
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73
3 тақырып. Анимация құру құралдары Flash– технологиясы. Web-
кескіндерді өңдеу: HTML құралдарымен; Macromedia Flash бағдарламасы 
құралдарымен. 3D Studio Max бағдарламасы.
№20 Практикалық тапсырма. Мәтінмен жұмыс істеу
Macromedіa Flash программасы фильмге мәтіндік элементті қойып, 
қасиеттерін беруге және жөндеуге мүмкіндік береді. Баспа жүйелеріне және 
иллюстрациялар құруға арналған басқа да программалар тәрізді Flash ортасында 


сол бетте орналасқан мәтінге қатысты мәтінді беттің кез келген жеріне 
орналастыруға болады. Ол үшін кестелер немесе ұяшықтар құрудың қажеті 
жоқ. Сондай-ақ, мәтіннің өлшемін өзгерту, бұру және бұрмалау мүмкіндіктері 
қарастырылған. Енгізілген мәтіннің түсін, стилін өзгертіп, оны туралауға да 
болады. Графикалық объект сияқты мәтін әр түрлі формада болуы мүмкін.
Мәтінді графикалық объектіге түрлендіріп, оған векторлық графиканың 
барлық мүмкіндіктерін қолдануға болады. Сонымен қатар, мәтін анимациялық 
объект те бола алады. Flash ортасында мәтіннің үш түрі құрылады: статикалық 
мәтін; динамикалық мәтін; енгізу өрісі.
Мәтіннің типі объектілер инспекторы терезесінің көмегімен беріледі. Оны 
экранға шақыру үшін Window-Properties командасын орындау қажет. Нәтижесінде 
«қасиеттер» терезесі (234-сурет) ашылады.
234-сурет. Қасиеттер терезесі
Text type ашылатын тізімінің опциялары мәтіннің типін анықтауға мүмкіндік 
береді. Ал, Properties панелі мәтіннің әрбір түріне қажетті параметрлер 
жиынтығын береді.
Мәтін енгізу
Алдымен Macromedia Flash бағдарламасын іске қосамыз: Пуск → Программы 
→ Мacromedia → Macromedia Flash 8.
Пайда болған терезедегі Create New (Құру) топтамасына кіретін 
тізімдерден Flash Document (Flash құжат) тізіміне меңзерді (тышқан көрсеткішін) 
апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз.
Нәтижесінде экранда жаңа фильм терезесі ашылады (235-сурет).


235-сурет. Macromedia Flash программасының жұмыс алаңы
Flash фильмінің кадрына мәтін енгізу барысында мәтіндік блок құрылады. 
Статикалық мәтін екі түрлі жолмен енгізіледі: көп жолдық блок және ені шектеулі 
блок. Мәтінді енгізу үшін:
Text (Мәтін, Текст
құралы қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет