№18 Практикалық жұмыс. «Қанды бояу» эффектісін жасау
Text (Текст) құрал-сайманын таңдап алып, стандартты қаріптердің типінен
Arial Black түрін таңдап алыңыз, мөлшерін де үлкендеу етіп алыңыз (216- сурет).
216-сурет
Shape (Форма) құрал-сайманының көмегімен қанның бейнесін жасау қажет.
Бірақ бұл әрекетті жасамастан бұрын мәтінді «қисық» түріне келтіріп алыңыз. Ол
үшін Pick (Выбор) құрал-сайманын таңдап алып, мәтінге тышқанның оң жақ
батырмасын басып, Convert To Curves (Перевести в кривые) командасын таңдап
алыңыз (217-сурет).
217-сурет
Shape (Форма) құрал-сайманын таңдап алып, ағылған әріп эффектісін
келтіріңіз (218-сурет).
218-сурет
Енді мәтінді
бояуға
кірісейік.
Параметрін төменде
көрсетілген
бойынша береміз (219-сурет).
219-сурет
Interactive Extrude (Интерактивный псевдообъем) құрал-сайманын таңдап
алып, Lighting (Освещение) батырмасын басып, бірінші шамның суретін
белгілеңіз. Параметрі төменде көрсетілген (220-сурет).
220-сурет
Келесі Bevels (Скосы) батырмасын басып, Use Bevel (Использовать скос)
батырмасына жалауша қойыңыз да, төмендегі параметрлерді енгізіңіз (221- сурет).
221-сурет
Жұмыстың соңғы кезеңі көлеңке жасау болып табылады. Ол үшін
объектілерді топтаңыз да, Interactive DropShadow (Интерактивная тень) құрал-
сайманын келесі параметрлерімен беріңіз (222-сурет).
222-сурет
Жұмыс аяқталды, нәтижесі төменде 223-суретте көрсетілген.
223-сурет (нәтиже)
№19 Практикалық жұмыс. Мәтінмен жұмыс жасау
Text (Текст) құрал-сайманын таңдап алып - a_Concepto TitulBroken қаріп
түрін және мөлшерін 72 пункт етіп алыңыз (224-сурет).
224-сурет
Shape(Форма) құрал-сайманын таңдап алып, мәтіннің ұштарын ұзартамыз.
Ол үшін ең алдымен мәтінді Pick (Выбор) құрал-сайманымен белгілеп, мәтінге
тышқанның оң жақ батырмасын басып, Convert To Curves (Перевести в кривые)
командасын таңдап алыңыз.
Енді Shape(Форма) құрал-сайманымен жұмыс істей беруге болады.
Нәтижесі төменде көрсетілген (225-сурет).
225-сурет
Енді бояуға көшейік. Бояудың ашық көк түсін таңдап алу керек.
Texture Fill Dialog (Диалоговое окно текстурной заливки) құрал-сайманын
алып, ашылған сұхбат терезеде текстура кітапханасынан – Samples 6,
текстураның ішінен - Oatmeal түрін таңдап алыңыз (226-сурет). Нәтижесі 227-
суретте көрсетілген.
226-сурет
227-сурет
Жазуға көлеңке қосу арқылы, мәтіннің тереңдігін береміз. Ол үшін
Interactive DropShadow (Интерактивная тень) құрал-сайманын алып, көлеңке
жүргізіңіз және көлеңкенің түсін көгілдір түске өзгертіңіз (228-сурет).
228-сурет
Эффект жасаудың негізгі кезеңі орындалды. Мәтіннің тереңдігі мен
жазудың жылтырлығын беру қажет.
Ендігі жұмыс осы мәтінді мұзға айналдыру болып табылады. Ол үшін
Interactive Distortion (Интерактивная деформация) құрал-сайманын таңдап алып,
мәтінді белгілеп, біраз жоғарыға тартыңыз (229-сурет).
229-сурет
Енді күнге шағылысқанда мұзда пайда болатын сәуле эффектісін келтіру
керек. Ол үшін Polygon (Многоугольник) құрал-сайманын алып, жұлдызша
салыңыз да ұштарын Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен ұзартыңыз
(230-сурет).
Дайын болған объектіні белгілеп, Arrange → Shaping → Weld (Расположение
→
Изменение формы
→
Объеденить) командасын
орындап
объектілерді біріктіріңіз (231-сурет).
Объектіні ашық көк түске бояп, сыртқы контурын Outline (Обводка) құрал-
сайманының ішінен No Outline(Удалить обводку) құрал-сайманының көмегімен
алып тастаңыз.
Сәулеге тереңдік беру үшін Interactive DropShadow (Интерактивная тень)
және Interactive Transparency (Интерактивная прозрачность) құрал – саймандарын
қолданыңыз (232-сурет).
230-сурет. 231-сурет
232-сурет Дайын болған сәуленің бірнеше
көшірмесін алып мәтіннің әрбір жеріне
орналастырыңыз (233-сурет).
233-сурет (нәтиже).
Достарыңызбен бөлісу: |