14
толықтай виртуалды болуы мүмкін (ОЖ ядросының ішінде толықтай
жұмыс жасайды немесе нақты аппараттық
құрылғылармен драйвер
арқылы байланысқан логикалық объектті білдіреді
.
Толықтай виртуалды құрылғы ретінде UNIX-жүйелеріндегі «қара
құрдым» /dev/null келтіруге болады. Бұл құрылғыға жазылатын барлық
ақпарат жоғалып кетеді, яғни олар тапсырмаларды
шешуге арналған
болмашы деректерді жоюға қолданылуы мүмкін.
Құрылғылар
драйверлері — бұл аппараттық құрылғылар үшін
басқаратын командалар кезегімен жүйенің кіріс/шығыс сұрауларын
түрлендіретін жүйелі бағдарламалар. Әр құрылғының драйвері оның
аппараттық жүзеге асуының ерекшеліктерін
жасырады және
кіріс/шығыс жүйесіне жүйенің аппараттық қамтамасыз етуіне
қолжетімділік стандартталған интерфейсін ұсынады.
Қолданбалы бағдарламашы тұрғысынан қарағанда ОЖ ядросы
құраушыларына қолжетімділік жүйелік
шақыртулар интерфейсі
көмегімен жүзеге асырады — стандартталған міндеттер жинағынан
тұратын кітапханалар жинағы. Бұндай жинақтың әрқайсысы
қолданбалы тапсырмаларды шешуге арналған:
желілік ресурстарға,
графикалық режимге қолжетімділік, процес аралық өзара байланысты
жүзеге асыру және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: