Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет13/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   158
операциялық жуйелер

Бірмақсатты ОЖ. Операциялық жүйелердің бұл тобы бір уақытта 
тек бір тапсырманы орындауға арналған. Жүйе басталғаннан кейін 
басқару бірден пайдаланушы жұмысы үшін жабын рөлін атқаратын 
бағдарламаға 
беріледі. 
Ереже 
бойынша 
бұндай 
жабынның 
қызметтерінің бірі — басқа бағдарламаларды іске қосу.
Бағдарлама іске қосылмас бұрын ақпараттық ортаның жабыны 
сақталады. Бағдарлама іске қосылған соң оның процесіне толықтай 
басқару және барлық ресурстарға қолжетімділік беріледі. Бағдарлама 


17
 
аяқталған кезде процес жады босайды, ақпараттық орта жабыны қайта 
қалпына келеді және операциялық жүйе арқылы оған басқару 
қайтарылады. 
Бағдарламалардың іске қосылуы бұндай ОЖ үшін кезекті. Егер бір 
бағдарламаға орындалуды жүзеге асыру үшін басқа бағдарламаны 
шақыру қажет болса, шақырып отырған бағдарламаның ортасы 
сақталады және шақырылған бағдарлама аяқталған соң бағдарламаның 
ақпараттық ортасы қайта қалпына келеді.
Біртапсырмалы ОЖ кіріс/шығыс жүйесінің құрамына құрылғыларға 
қолжетімділікті бөлу құралдары кірмейді, өйткені құрылғыны бір 
мезгілде тек бір процес қана пайдаланады.
Біртапсырмалы ОЖ көптапсырмалы да бола алады. Бұндай жүйенің 
мысалына пакеттік өңделуі бар ОЖ бола алады. Осындай ОЖ 
пайдаланушылар бағдарламаларды орындауға тапсырмалар кезегін 
құрады, бұған қоса тапсырмалар бірнеше пайдаланушыларға тиесілі 
болулары мүмкін. Жүйе пайдаланушылар бағдарламасын кезекпен 
орындайды, оның үстіне пайдаланушыны ауыстырар алдында бұған 
дейінгі пайдаланушының жұмыс сеансы аяқталады да жаңа 
пайдаланушы сеансы басталады. Осылайша, тапсырма өзгерген сайын 
әр бағдарламаның ақпараттық ортасы ауысады.
Көпмақсатты ОЖ. Көпмақсатты ОЖ бір уақыт мезгілінде 
көптеген бағдарламалар (процестер) іске қосыла алады. Бұл жағдайда 
процестерді басқару жүйесінің құрамына процестерді жоспарлау 
кіреді, ол өз кезегінде мынадай қызметтер атқарады:
■ 
Процестерді жасау және жою — бағдарламаны жадқа жүктеу, 
ақпараттық орта жасау және ол жаңадан пайда болған кезде 
процеске басқаруды беру, ақпараттық ортаны өшіру және ол 
жойылған кезде жадыдан процесті шығару; 
■ 
Процестер арасында жүйелік ресурстарды бөлу — процестердің 
орындалуын жоспарлау, процестер кезегін қалыптастыру және 
кезектегі процестер артықшылықтарын басқару; 
■ 
Процес аралық байланыс — жалпыға ортақ деректерді процестер 
арасында бөлу немесе басқарушы өзара байланыстарды бір 
мезгілде орындалатын процестер арасында жіберу;
■ 
Процестердің орындалу синхронизациясы — кейбір шарттар 
орындалмайынша процестердің орындалуын уақытша тоқтату, 
мысалы бір процеспен басқарылатын әсер етуді қайта жіберу
Мұндай ОЖ кіріс/шығыс жүйесі қиындайды, өйткені кез-келген 
ресурс (файл немесе құрылғы) бір процеспен бірге пайдаланылуы 
мүмкін. Қолжетімділік шиеленісінің алдын алу үшін бұғаттау 
механизмі пайдаланылады, ол бөлінбейтін ресурсқа қолжетімділікті бір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет