53
Файл түрі алғашқы төрт битпен беріледі, және файл блоктық
құрылғының тұрақты файлы ма, каталогы ма сол анықталады. Басқа
биттер жүйе пайдаланушылары файлына қолжетімділік құқығын
анықтайды, сонымен қатар арнайы орнатылған құқықтардың бар немесе
жоқтығы туралы деректерді сақтайды.
Бұл файлдық жүйе қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Дегенмен
бұл қасиеті сенімділік, өнімділік және жан-жақты қызмет көрсету
белгілі бір мәселелерінің теріс жағы болып табылады. Файлдық жүйеде
деректердің жоғалуы немесе файлдық жүйе құрылымының бұзылуы
орын алған жағдайда жады блогының қосымша адресаттары
қолданылады. Тағы бір өзекті кемшілігі файл атауына және каталогтағы
максимал файлдар санына қойылатын шектеу.
Linux тобының операциялық жүйелерінде соңғы уақытқа дейін
негізгі файлдық жүйе ext2fs болды. Ол Linux операциялық жүйелерінің
ең алғашқы нұсқаларында қолданылған Minix операциялық жүйесінің
файлдық жүйесінің орынын алмастыруға келді. Ол 16-биттік
архитектурасының шектеулілігі біліне бастаған, 1990 жылдарда ескіріп
қалған s5fs файлдық жүйесіне қатты ұқсады. Сол себепті бірінші
кеңейтілген extfs файлдық жүйе ойлап шығарылды, одан кейін ext2fs
оның ізін жалғастырды.
Еxt2fs файлдық жүйесі файл көлемінің шектеулілігін 2 Гбайт дейін
кеңейтті және файл атауының ұзақтығын 255 таңбаға дейін арттырды.
Одан бөлек, бұл файлдық жүйеде POSIX стандартының кейбір
элементтері жүзеге асты. Өз негізіне байланысты ол классикалық s5fs
файлдық жүйеге өте ұқсас.
Ол файлдық жүйенің ары қарай дамуы ext3fs болды. Оның
алдындағы жүйелерден айырмашылығы журналдау механизмін қолдау
болды.
Журналдау — кейбір қызметтік мәліметтерді арнайы файлға
(журнал) жазу процесі. Ол ауытқу болған жағдайда файлдық жүйе
құрылымын немесе оның ішіне болған мәліметтерді де қайта қалпына
келтіреді. Заманауи файлдық жүйелердің көпшілігі журналдау және
деректерді сақтаудың жоғары сенімділігін қамтамасыз етеді.
Журналданудың үш түрі бар: 1) writeback, тек құрылымдағы
өзгерістер туралы ақпараттар сақталады, журналдағы жазба деректер
жазбасымен синхрондалмаған;
Тип
4 бит
SUID
SGID
Sticky
User
read
User
Write
User
exec
Group
read
Group
write
Group
exec
Others
read
Others
write
Others
Exec
Сурет-2.11. di_mode жолағы
|