54
2) ordered деп аталатын түрі writeback ұқсайды, бірақ журналға жазба
файлда өзгерістер болғаннан кейін жүргізіледі; 3) journal, файлдық жүйе
құрылымы туралы ақпаратпен бірге деректердің өзгерісі туралы да
ақпараттар сақталады. Ең сенімді және ең баяу журналдау түрі journal
болып табылады, ал сенімділік аз және тез журнал — writeback.
ext3fs файлдық жүйе журналданудың осы барлық түрлерін қолданды
және ext2fs салыстырғанда әлдеқайда сенімді болды. Бірақ оның үлкен
кемшілігі ext2fs қарағанда жылдамдығының өте төмен болуы.
Файлдық жүйе жұмысының жылдамдығымен мәселені шешу үшін
және де басқа параметрлерін жақсарту үшін ext4fs файлдық жүйесі
ойлап шығарылды. Бұл файлдық жүйе де журналданады, сонымен
қатар, ол көлемі өте үлкен бөлімдерді қолдайды. Сонымен қатар оған
экстенттерді сүйемелдеу қосылған, яғни файлдарға тек блоктанып
бекітілген жады көлемін ғана емес, сипаттамасы үшін бір дискрептор
қолданылатын, бірнеше блоктарды біріктіретін үлкен жады көлемін
бөліп беру мүмкіндігі бар. Бұл файлдық жүйе ext3fs және оның алдында
пайда болған файлдық жүйелерде шектеулі болған 32 000 каталогтарды
жасауға мүмкіндік берді.
2.5.2.
Windows файлдық жүйелерін ұйымдастыру
процесі
Ең көне және ең танымал файлдық жүйелердің бірі FAT. Ең бірінші
MS DOS операциялық жүйесі үшін жасалған файлдық жүйе
қарапайымдылығына, жылдамдығына және тиімділігіне байланысты кең
таралды.
Бұл файлдық жүйенің құрылымы өте қарапайым болды (сурет-2.12).
алдымен жүктеу секторы орналасады, одан кейін — файлдарды
орналастыруға арналған екі кесте (File Allocation Table — FAT, файлдық
жүйенің атауын осылай етіп алынды, екінші FAT біріншісінің толық
көшірмесі және оның зақымдалғанда қажет болады деген мақсатта
сақталады), түбірлік каталог және файлдар.
Жүктеу
секторы
ФЖ
жайлы
мәлімет
Қосымша
секторлар
FAT#1
FAT#2
Түпкі
каталог
(FAT
12/16)
Мәліметтер
Сурет-2.12. ҒАТ файлдық жүйесінің құрылымы
|