ВИРТ
УАЛ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ЖАДЫ
Физикалық жады кез-келген есептеу жүйесінің аппараттық
құралдарының құраушы бөліктерінің бірі болып табылады. Ол
операциялық жүйені жүктеу үшін және пайдаланушылардың,
жүйелердің процестерін орындау үшін қолданылады. Қазіргі таңда бұл
жады бірінші кезекте RAM бірнеше чиптерінен тұратын жадының
бірнеше модульдерін білдіреді. Бұл жады өте тез саналады (ол
жылдамдығы жағынан тек регистрлік және процессордың кэш-
жинақтауышынан артта қалады), дегенмен өте қымбат және жадының
бұл түрінің көлемі әдетте өте шектелген.
Осы шектеулердің әсерінен егер бір мезетте процестердің көп
бөлігі жұмыс жасап тұрса физикалық жады тез таусылады. Осы
мәселені шешу үшін виртуал жады қолданылады. Виртуал жады
бірнеше жадыларды (RAM рұқсаты бар жады, өте баяу дисктік жады
және т.б.) біріктіруге, үлкен бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік
береді. Бұл бағдарламаларға арналған барлық жады виртуалды
жадының бірыңғай массиві түрінде ұсынылады.Ол қарапайым
физикалық жады секілді, айырмашылығы оның көлемі үлкен.
Осылайша, виртуал жады жадының логикалық құрылымын оның
аппараттық ұйымдастыруынан айыруға мүмкіндік жасайды.
Виртуал жадыны пайдалану виртуалды адресацияны пайдалану
есебінен физикалық жадтың фрагменттелу мәселесін шешуге
көмектеседі.
Осы механизмді пайдалану кезінде әр процеске виртуалды жадыдан
тәуелсіз аумақ бөлінеді, ол процестерді бір бірінің ықпалынан
қорғайды (сурет-3.1). сонымен қатар виртуал жады мен логикалық
адресті қолдану жадыдағы процестерді базалық адрестерді өзгерту
есебінен рұқсат береді.
Виртуал жады негізгі жадыға олардың адрестік кеңістігінің тек бір
бөлігі ғана бейнеленетін жағдайында процестердің орындалуға
мүмкіндігі бар. Барлық өмір айналымы талап етілетін жадының аумағы
негізгі жадыға жүктеледі, ал көп уақыт қажет болмаған аймақтар
анағұрлым баяу дисктік немесе басқа қосымша жадыға жіберіледі.
|