Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет85/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   158
операциялық жуйелер

117
 
shift
done
Берілген тізім мәндері бойынша циклды ұйымдастыру үшін for ... 
in ... do ... done конструкциясы қолданылады, жалпы синтаксисі 
төменде келтірілген:
for <цикл> in <тізім> do
<оператор>
done
Мәндер тізімі <тізім> бөлгіштері бар мәтіндік жолақ. Бөлгіштер 
ретінде бос орындар, табуляция таңбалары және жолақты ауыстыру 
таңбалары қолданылады. Циклде көрсетілген айнымалы тізімдегі 
элементтердің мәндерін тізбек бойынша иеленеді және операторлар 
<операторлар> блогында іске қосылуы ықтимал. Бұл цикл 
итерациясының саны тізім элементтерінің санына тең. 
Тапсырманың келесі фрагменті алдыңғы фрагмент орындағандай 
әрекеттер жасайды, тапсырмаға берілген барлық параметрлерді 
шығарады. Тізім ретінде бұл жерде BASH кіріктірілген айнымалысы 
қолданылады, 
оның 
құрамында 
тапсырманың 
командалық 
жолағындағы барлық параметрлер бөлгіштер арқылы көрсетілген (4.2-
бөлімді қараңыз): 
for i in $@ do 
echo $i 
done 
for циклының тізімі ретінде белгіленген мәндер өте сирек 
қолданылады. Әдетте тізім тапсырманы орындау кезінде мәнді 
алмастырып қоюмен генерацияланады. Жаңа ғана келтірілген мысалда 
айнымалы мәнін алмастырып қою қолданылған. Дәл осылай қандай а 
бір команданың шығарылуын алмастырып қою арқылы қолдануға 
болады. Мысалы, кодтың келесі фрагменті ағымдағы каталогтағы 
барлық файлдар ішіндегісін шығарады, әр шығару алдына өздерінің
атауларын тіркейді:
for i in 'ls .' do echo === $i 
=== cat $i done


118
 
WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ 
ТАПСЫРМАНЫ БАСҚАРУ ТІЛІ 
5.9.1. Windows командалық интерпретатор 
Дәл Linux секілді, Windows операциялық жүйелері командалық 
интерпретатор интерфейсімен жұмыс жасайды. Көбіне оның қасиеттері
MS DOS операциялық жүйесінің командалық интерпретаторынан 
алынған және UNIX/ Linux операциялық жүйелеріне тән 
ерекшеліктермен толықтырылған. Бұл бөлімде Windows операциялық 
жүйелеріндегі Windows XP жүйесінде орындалған командалық 
интерпретаторға негізделген қосалқы жүйенің кейбір қасиеттерін 
қарастырамыз.
Windows операциялық жүйелерінде Windows NT ядросына 
негізделген командалық интерпретаторды іске қосу үшін cmd.exe 
бағдарламасы қолданылады. Командалық жолақ интерфейсін жүргізу 
үшін Іске қосу (Start) мәзірін ашу керек, мәзірден Орындау (Run) 
тармағын таңдап, бағдарламаны cmd.exe іске қосамыз.
Командалық интерпретаторды іске қосқан соң, стандартты 
жұмысқа шақыру терезесі ашылады. Windows XP операциялық 
жүйелерінде мұндай шақырту келесідей болады:
Microsoft Windows XP [Version 5.1.2600]
(C) Copyright 1985-2001 Microsoft Corp.
C:\>
Бірінші екі жолақ пайдаланушы операциялық жүйенің нұсқасы 
туралы ақпараттандырады және Microsoft фирмасының артықшылыққа 
ие құқықтарымен таныстырады. Соңғы жолақ командаларды енгізуге 
арналған стандартты шақырту немесе пайдаланушыдан тапсырма алуға 
арналған шақырту болады. 
Бұл интерпретаторда командаларды енгізу Linux операциялық 
жүйелеріндегі деректерді енгізумен бірдей. Мысалы, операциялық 
жүйенің нұсқасын келесі жолмен шығаруға болады: 
C:\>ver 
Microsoft Windows XP [Version 5.1.2600]
C:\> 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет