7.
СТЕРИЛИЗАЦИЯЛАУ ТЕХНИКАСЫ
1. Стерилизациялау техникасы.
2. Жоғары жиіліктегі токтар (ЖЖТ).
3. Иондаушы сəулелермен стерилизациялау. Қызған ауамен
стерилизациялау
4. Үзіліспен жұмыс істейтін аппараттарда стерилизациялау.
5. Пастерлеу.
7.1. Стерилизациялау техникасы
Аппараттар ішінде стерилизация процесінде банкілерде артық
қысым пайда болу салдарынан консервілердің тұтастығының бүлі-
нуіне жол бермеу үшін сол қысымға қарсы шаралар қолданылады.
Артық қысымның мөлшері консерві түрлеріне, ондағы суға, ауаға,
газға, қыздыру процесінде өнім көлемінің ұлғаюына байланысты.
Консервілерді булы ортада стерилизациялау, суда стерилиза-
циялауға қарағанда стерилизациялаудың біркелкі формуласының
өзінде-ақ банкі іщінде температура көлемінің біркелкі таралуын
қамтамасыз етеді.
7.2. Жоғары жиіліктегі токтар (ЖЖТ)
Жоғары жиіліктегі токтың (ЖЖТ) жəне аса жоғары жиіліктегі
токтың (АЖЖТ) электромагнитты өрісімен стерилизациялау. Өнімді
жоғары жиіліктегі жəне өте жоғары жиіліктегі өрісте қыздырғанда
жылудың микроорганизмге деген əсері өнімнің өз ішіндегі
клеткаларда айнымалы электромагнитты өрістің əрекетінен құралады.
Сондықтан да жоғары жиіліктегі жəне өте жоғары жиіліктегі ток
өрісінде қыздырылғанда өнімдегі микроорганизмдер тез өледі. Атап
айтқанда, стерилденген етті 145°С температурада 3 минуттың ішінде
қыздырғанда алуға болады. Ал əдетттегі стерилизациялау 115-118°С
температурада 40 минутта іске асады. Сонымен қатар жоғары
жиілікте жəне аса жоғары жиіліктегі тыс өрісте қыздырғанда өнімнің
тағамдық құндылығын сақтап қалуды қамтамасыз етеді.
Жоғары жиіліктегі мен аса жоғары жиіліктегі өрісті шыны
немесе полимер ыдыстарға салынған өнімдерге қолдану тиімді екенін
атап өткен жөн.
|