Технологиясы


ƏОЖ 637.5(075)  КБЖ 36.92я7  ISBN 978-601-7275-75-4



Pdf көрінісі
бет2/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
 
ƏОЖ 637.5(075) 
КБЖ 36.92я7 
ISBN 978-601-7275-75-4 
© Абжанова Ш.А., Байболова Л.К., Жүсіпова Н., 2018 
© «Бастау», 2018 



 1. Малды өңдеу 
1.1. 
 
Малды сою жəне ұшаны бөлу
 
Ет өнеркəсіп кəсіпорындарында малды автокөлікпен, темір 
жолдармен, кейбір жағдайларда малды айдап алып келеді.
Сояр алдында малдарды бірінші өңдеуде ет ұшасын жəне 
ұшадан тағамдық, емдік, техникалық өнімдер жасау жəне алу үшін 
түседі. Сонымен қатар санитарлы-гииеналық, ішкі мүшелер мен 
ұшаларға ветеринарлық-санитарлық тексеруді өткізіп, тағамдық 
мақсатта қолдануға осы талаптарды сақтау керек.
Ұшаларды өңдеу конвейерлі желілерде, арнайыланған мал 
түріне (ІҚМ, ұсақ мал, шошқа) аспалы желі немесе екі жəне үш 
малдың түріне байланысты əмбебап конвейерлер қолданылады.
Малды сою жəне ұшаны бөлу цехындағы технологиялық 
үрдістерді келесідей реттейді: 
— 
жансыздандыру; 
— 
қансыздандыру жəне тағамдық қан жинау; 
— 
ұшаны іріктеу; 
— 
теріні сыпыру; 
— 
ішкі мүшелерін алу; 
— 
ұшаны жартылай бөлікке бөлу, аралау; 
— 
ұшаны тазалау жəне сапасын анықтау; 
— 
массасы жəне ұшаның семіздігін анықтау. 
1.2. Жансыздандыру 
 
Малды сою алдындағы жансыздандыру негізгі операциялардың 
бірі болып табылады. Оның мақсаты малды ілмелі конвейерге жіберу 
алдындағы малдың сезімталдығын жою. Жансыздандырудың түрлері: 
электр тоғымен, көмір қышқыл газ əсерімен жəне миларына 
механикалық əсер ету арқылы (балғамен немесе өткір пышақпен). 
Естен тандыру кезінде малдардың жүрегі тоқтап қалмауы тиіс
өйткені қанның шығуы төмендейді, ал ет тез бұзылады. ІҚМ-ды 
жансыздандырудың негізгі үш түрі бар: 
1. Малдың жауырын тұсынан электр күшін беру арқылы 
жүргізіледі. Электр тоқ күші 125-200 В. Тоқ күші 1А, 
ұзақтығы 6-15 сек. Өгіз малына 15-30 секунд қажет етеді. Бұл 



жолды пайдалануда малдың өліп кетпеу жолы жақсы 
сақталады. Бірақ малдың аяғы дірілдеп, қайырылады. Бұл 
жұмысшыларға өте қауіпті 
2. Электр күшінің контактысы өткір валька тəріздес темір 
арқылы жүргізіледі. Темірді жауырын тұсынан терісін тесе 
отырып кіргізеді жəне металдық плитаны малдың алдыңғы 
аяғымен басып соңғы аяғы резиналы плитаға тиеді. Электр 
күші 70-120 В, ток күші 1-1,5А ұзақтығы 6-15 секунд. 
3. Бұл еденге орналасқан үш фазалық тоқ жүргізілген плита 
арқылы өтеді. Жансызданған мал бокстан еденге түседі. 
Цепке ілініп конвейер арқылы кетеді. Ұзақтығы 6-15 секунд, 
электр күші 70-120В, тоқ күші 1-1,5 А. 
Шошқа 
малын 
жансыздандыру: 
шошқа 
малын 
ІҚМ 
жансыздандыратын бокста бакиндік үлгімен жүргізіледі. Тоқ күші 60-
100 В, жансыздандыру уақыты 7-15 секунд, тағы да бір үлгісі ол 
электр контактісі арқылы жауырын тұсынан жүргізеді 70-100В, 7-10 
секундта. Қуаттылығы аз ет комбинаттарында шошқа малын əдейі 
арналып жасалған электр инесімен жансыздандырады. Инені құлақ 
тұсынан кіргізіп тағамдық қан жинағанша кіргізіп тұрады. Тоқ күші 
21В, уақытысы 45 секунд. Жансыздандыру кезінде қан қысымының 
көтерілуі жəне дене бітімінің қысқаруы байқалады. Жеткіліксіз 
себептерді жою үшін басқа да үлгілер қолданылады. Ол қозғалыстағы 
транспортерде 200-240 В электр күшін беру арқылы жүргізіліп, 
уақыты 8-10 секунд. 
Шошқа малын газ қоспасымен жансыздандыру. Шошқа малын 
газ қоспасымен 65% көмір қышқыл газымен, 35% ауадан тұратын 
камерада жансыздандырады, ұзақтылығын сақтап отырады. 
Ірі қара малды механикалық жолмен жансыздандыру. 
Механикалық жолмен жансыздандыру дегеніміз-нақты бір күшпен 
малдың маңдай тұсынан ұру жəне де пистолетпен сүйектеріне 
тигізбей ату арқылы жансызданыру. Механикалық жолмен 
жансыздандырудың электр күшімен жансыздандырудан артық 
қасиеті бар. Сүйек қаңқасында сынық болмайды жəне іш құрлысында 
қан ұю қалыпы болмайды. Бұл бізге бағалы ет береді. Егер электр 
күшімен жансыздандырған малды механикалық жансыздандырылған 
малмен салыстырсақ ет ұшасының ылғалдылығы өте жоғары болады. 
Бір себептен бұл өте ауыр жол, жұмысшылардан жоғары білімділікті 
талап етеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет