80
Жоба аясында облыстың 35 білікті педагогі 10 575 білім алушыға виртуалды
сабақ өткізді.
3) 2023-2024 оқу жылынан бастап шағын жинақты мектептерде
жекелеген пәндерді онлайн оқытуда білім беру процесін ұйымдастыруға
бағытталған «Ауылдық шағын жинақты мектептерде сапалы білім беруді
қолжетімділігін қамтамасыз ету» жобасы кезең-кезеңімен 5 облыста
(Ақтөбе,
Ақмола,
Қостанай,
Павлодар,
Солтүстік
Қазақстан
облыстарында) пилоттық режимде іске асыру жоспарланып отыр.
Аталған жобалар цифрлық білім беру технологияларын,
электрондық
ақпараттық білім беру ортасын, цифрлық білім беру контентін, ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияларды, білім
алушылардың тұратын жеріне
қарамастан білім беру бағдарламаларын іске асыруға арналған технологиялық
құралдарды пайдалана отырып, шарттар жиынтығын білдіреді.
Жоғарыда аталған жобаларды іске асырудың мақсаты –
ауылдық шағын
жинақты мектептердің білім алушылары үшін сапалы білімді қолжетімділігін
қамтамасыз ету.
Жобалар туралы толық ақпаратты Академия
сайтында алуға болады
www.uba.edu.kz
Достарыңызбен бөлісу: