1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Менеджердің бағдарламаланатын және бағдарламаланбаған



Pdf көрінісі
бет19/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

5.3 Менеджердің бағдарламаланатын және бағдарламаланбаған
шешімдері
Шешім қабылдау басшы жұмысындағы түбегейлі процедура, ол
басқару үрдісінің бұдан кейінгі бүкіл барысын анықтайды. Адамдардың


25
есейе келе тәжірибе жүзінде шешім қабылдау үрдісін түсіне, ұғына алмауы
мүмкін емес. Қатынас қабілеті сияқты шешім қабылдау қабілеті де бірте-
бірте тәжірибе жүзінде дамитын ептілік. Біздің әрбіреуіміз күніне жүздеген,
ал өмір бойына мыңдаған шешімдерді қабылдаймыз.
Шешім дегеніміз – бұл баламалы таңдау. Балама – мүмкін болған
ұйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік. Жеке өмірге қарағанда,
басқарудағы шешім қабылдау өте қатты жүйеленген үрдіс. Жеке адамның
бөлек таңдауы алдымен өзінің өмірінен және онымен қарым-қатынаста
жүрген адамдарға байланысты болады. Менеджер іс-қимыл бағытын тек өзі
үшін ғана емес, сонымен бірге ұйымдар мен басқа жұмысшылар үшін де
таңдайды. Ірі ұйымдардың жоғарғы деңгейіндегі басшылар миллиондаған
шешімдерді қабылдайды.
"Менеджер – жоспарлайтын және шешім қабылдайтын адам, қаржы,
материалдық және ақпараттық ресурстарды ұйымдастыратын, басқаратын
және бақылайтын тұлға".
Бұл – автордың кітапқа кіріспе тарауларында "менеджер" сөзіне берген
анықтамасы [1].
Басшы адамның қызметі әмбеге аян. Ол ұжымның қызметін
жоспарлайды және қызметкерлерге өнімді еңбек етудің тиімді жолдарын
көрсетіп, нақты тапсырмалар беріп отырады. Сонымен қатар, берілген
тапсырмалардың жүзеге асу барысын жіті қадағалайды.
Сондай-ақ, басшының қызметіне ұжымның ішкі және сыртқы ахуалын
қадағалау, сыртқы орталармен ымыраға келу, түрлі қарым-қатынастар
жүргізіп, ұжымға пайдасы тиетін өзге ұжымдармен мәмілеге келу,
ақпараттық жағдайды назарда ұстау, ұжымның жұмысын алға жылжыту
секілді қыруар шаруалар кіреді.
Ал нақты ғылымға сүйенер болсақ, менеджмент, яғни, басқару үдерісі
бұлжымайтын төрт негізгі қызметтен тұрады. Олар:
- жоспарлау мен шешім қабылдау;
- ұйымдастыру;
- жетекшілік ету;
- бақылау [2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет