1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Тауарды шығару және жетілдіру тұжырымдамасын сипаттау



Pdf көрінісі
бет27/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

8.3. Тауарды шығару және жетілдіру тұжырымдамасын сипаттау
Бірінші кезекте, тауарлардың шығарылатын маркаларына маркетингтік
зерттеу жүргізу қажет.
Бұл жерде келесілерді бөліп көрсеткен дұрыс:
1. Тұтынушылардың тауардың белгілі бір маркасына қатынасын
анықтау.
Ең алдымен, тауар маркаларының белгілілік дәрежесін зерттеу қажет.
Маркетингтік зерттеулердің аталмыш бағыты тұтынушылардың белгілі бір
маркадағы тауардың бар екенін сезіну дәрежесін анықтауға бағытталған.
2. Осы тауарлар туралы тұтынушылардың пікірлерін зерттеу жекелеген
тауарлар маркаларын зерттеудегі келесі қадам болып табылады. Бұл жерде
сөз зерттелетін тауардың нарық пен тұтынушылар талаптарына қаншалықты
сәйкес екендігін анықтау туралы, яғни тауардың нарықтық барабарлығын
бағалау туралы болып отыр.
Тауарлардың шығарылатын маркаларына маркетингтік зерттеу,
жекелеген
тауарлардың
бәсекеге
қабілеттілігін
зерттеу
кезінде
тұтынушылардың, сауда желілері мен сервистік қызметтер қызметкерлерінің
пікірлерін зерделеу жолымен жүргізіледі. Содан кейін, жаңа тауарлар әзірлеу
кезінде маркетингтік зерттеулер жасалады. Жаңа тауар әзірлеу маркетингтік
қызметтің аса маңызды бағыттарының бірі болып саналады.
Алайда, алдымен, ұғымға «жаңа тауар» кіретінімен, шартты келісу
қажет. «Жаңа тауар» ұғымының кем дегенде 50 түсіндірмелері бар екені
белгілі.
«Жаңа тауар» ұғымын анықтаудың үш негізгі тәсілдемесін бөліп алуға
болады:
1. Уақыттық өлшемге сүйенеді: жаңа тауарға кез келген жаңадан
шығарылатын өнім жатады.
Бұл жағдайдағы жаңа тауардың өлшемі – өлшемнің сапалық өзіндік
ерекшелігі емес, оны игеру және өндіру уақыты.
2. Жаңа тауардың өзгешелік өлшемі оны ұқсас тауар мен
прототиптерден бөлу талаптарына негізделген. Бұрын қажеттілігі белгілі
болмаған тауарлармен қанағаттандыру қағидатын пайдалану, осындай өлшем
ретінде ұсынылады. Тауарды бұрынғы тауардан өзгешелеп тұратын кез
келген ілгерілі өзгеріс, сондай-ақ жаңа тауар болып аталады. Бұл өзгерістер
шикізатқа, материалдарға, құрастырымдарға, сыртқы безендіруге және т.б.
қатысты болуы мүмкін.
3. Келесілерге негізделеді: бір ғана өлшемге емес, тауар жаңалығының
қандай да бір жақтарын сипаттайтын, олардың белгілі бір жиынтығына
сүйенеді. Бұл ретте, мысалы, тауар жаңалығының төрт деңгейін бөліп
көрсетуге болады:


34
- осыған дейін бар тұтыну қасиеттерін сақтау жағдайында сыртқы
безендірілуінің өзгеруі;
- негізгі технологиялық сипаттамаларды жетілдіру есебінен тұтыну
қасиеттерінің ішінара өзгеруі, алайда, жасау технологияларын түбегейлі
өзгертусіз;
- тиісті қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсіліне маңызды өзгерістер
енгізетін, тұтыну қасиеттерінің принципті түрде өзгеруі;
- ұқсастары жоқ тауардың пайда болуы. Жаңа тауарды зерттеу
әдістеріне сауалнама жүргізу (тұтынушыларға және жаңа тауарларды
әзірлеумен, өндірумен және өткізумен айналысатын мамандарға), сол сияқты
арнайы эксперимент жүргізу кіреді.
Жаңа тауардың нарықтағы мүмкін тағдыры туралы болжамдық
сипаттағы ақпарат, сондай-ақ ұқсас өнімдерді сату көлемін талдау (айталық,
өмірлік цикл қисығын (ауытқымасын) зерделеу жолымен) негізінде,
бәсекелік күрес саласындағы жағдайларды талдаудан алынуы мүмкін. Жаңа
тауарды (өнімді) әзірлеудің жекелеген кезеңдеріне қолданылатын
маркетингтік зерттеулердің мазмұнын нақтылаймыз [22].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет