1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет38/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

13.2. Жарнама түрлерін айыру
Жарнама ерекшелiктерi: қоғамдық сипатта болады, үгiттеуге қаражат
қаблеттiлiгi бар сатушы жарнама арқылы өзiнiң хабарландыруын бiрнеше рет
қайталай алады, мәнерлiк – түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды
көрсетуге болады, иесiз жарнама монолог ретiнде ғана жасалады. Жарнама
дегенiмiз белгiлi тапсырыс берген демеушiнiң атынан тауарды тартымды
көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы
әрекет.


46
Жарнама түрлерi және оны тарату құралдары:
Тiкелей жарнама:
а) Пошта хаттары, баспа материалдары
б) Пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер
Баспа жарнамасы:
Анықтамалар, каталогтар
Пресс – релиз, баспасөз хабарламасы
Буклет
Анықтама
Баспасөз жарнамасы: Газеталар мен журналдар
Хабар жарнамасы: Радиожарнама мен тележарнама
Сыртқы жарнама:
үлкен габариттiк плакат
Газжарығы құрылымдар
Роллер
Мультивизио плакаты
Электронды панносы
Экран жарнамасы: Кино және видеофильмдер мен слайд –
фильмдер
Транспорт жарнамасы: Транспорт сыртындағы жарнама және
транспорт салонындағы плакаттар және хабарландырулар
Сату орынындағы жарнама: Витрина, тауар қорабы , зат
таңбасы, назар аударуға арналған жазулар, таңбалар (“ай - стоппер”)
Жарнаманың басқа түрлерi: Көрме және жәрмеңке және компьютер
жарнамасы, кәдесый және купон, лотерея [18].
13.3. Жарнамалық хабарламаның мәтінін жазу
Жарнаманың жоғарыдағы айтылған көптеген бернесi оның әмбебап
сипатын көрсетедi және оның жеке түрлерiн бөлiп талдауды қажет етедi.
Жарнама келесi белгiлiр арқылы жiктеледi:
Жарнаманы жеткiзу әдiстерiне қарай:
- қатаң жарнама- қысқа мерзiмде, агресияшыл жарнама.
- Жайлы жарнама – тауар айналысында қолайлы жағдай құратын
жарнама.
Мияткер түрiне қарай:
- өндiрушiнiң атынан жүргiзiлген жарнама көбiнесе коммерциялық
әрекетке байланысты.
- жеке адамдар атынан жүргiзiлген жарнама көбiнесе хабарландыру
сипатын алады.
Тұтынушыға әсер ету әдiсiне қарай:
- оңтайлы жарнама – әлуеттi тұтынушының ақыл – ойына әсер ететiн
жарнама.
- Эмоционалды жарнама – тұтынушылардың сезiмiне, эмоциясына
ассоциация арқылы әсер ететiн жарнама.
Мақсатты аудиторияның түрiне қарай:


47
- Бизнес саласына арналған жарнама – тауарды өндiрiс үдерiсiңде
қолдану үшiн сатып алатын тұтынушыларға және делдалдарға арналған
жарнама. Жеке тұтынушыға арналған жарнама.
Коммуникация стратегиясына қарай:
- Таңдамалы жарнама – нақты нарық сегментiне арналған жарнама.
- Жалпылама жарнама – жалпы нарыққа арналған жарнама.
Компания мақсатына қарай:
- Ақпаратты жарнама – тұтынушыларды жаңа тауар мен жаңа
фирмамен таныстыратын жарнама.
- Ескерту жарнама – тұтынушылар есiне тауар туралы ақпаратты
сақтауға арналған және тауарды қай жерде сатып алуын еске тұсiретiн
жарнама.
- Кеңесшi жарнама – таңдамалы сұранысты қалыптастыруға арналған
жарнама.
Жарнама затына қарай:
- Тауар жарнамасы – тауарға сұранысты қалыптастыратын және оған
ынталандыратын жарнама.
- Фирма беделiң жоғарлатуға арналған жарнама – кәсiпорынның
жұмысын жағымды көрсетуге арналған жарнама.
Тигiзетiн әсерiне қарай:
- Тiкелей жарнама – жеке тұлғаға арналған жарнама, мысалы директ –
мейл
- Жанама жарнама – көпшiлiкке арналған жарнама
Әсер ету жолына қарай:
- Көз жарнамасы
- Акустикалық жарнама
- Иiс сезу қаблетiне әсер ететiн жарнама [19].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет