1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жер ресурстарын және олардың құрылымын анықтау



Pdf көрінісі
бет41/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

15.2. Жер ресурстарын және олардың құрылымын анықтау
Соңғы жылдары еліміздің жер қорын ұтымды пайдалануды
жоспарлауды Жер пайдалануды жоспарлауды еліміздегі жер ресурстарын
пайдалану жобысын жасау мен схемасы шаруашышықаралық және
шаруашылықішілік жер аумағын ұйымдастырудың кешенді жобалары жер
пайдалануды жоспарлау жүйесінің ғылыми негізі жерді тозудан қорғау,
қалпына келтіру және басқа да жұмыстар бойынша бір кезеңді жобалау жер
игеру, егістік аумағын айналымға енгізуді жақсартудың технологиялық
жобалары авторлық қадағалау жетілдіру негізгі іс-шаралары бойынша
ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Соған орай, түрлі құрылымдық
деңгейлерде ұзақ мерзімге жер пайдалану, елдің және жекелеген
аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеу үшін
ғылыми және техникалық болжамдар жасалуда. Осыған байланысты, жер
пайдалану деңгейін талдау оларды жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтау
үшін маңызды қадам болып саналады [10].
15.3. Ауыл шаруашылығындағы ресурстық әлеуеттің
арақатынасын жасау
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайту үдерісі өндірістің, әсіресе ауыл
шаруашылығының тиімділігін тұрақты әрі бекем арттыру үшін шаруашылық
жүйенің түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазіргі таңда отандық
экономиканы қайта құру кезінде бірқатар мәселелер туындады. Әсіресе
Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін анықтайтын аса маңызды
стратегиялық қызмет саласы ретінде агроөнеркәсіп өндірісінің тиімділігін
арттыруға елеулі назар аударылды.
Қазіргі
уақытта
агроөнеркәсіп
кәсіпорындары
шаруашылық
механизмнің жетілмеуінен, коммерциялық ақпараттың жеткіліксіздігінен,
сыртқы орта факторларының (тұтынушылардың іс- әрекеті, нарықтық
конъюнктураның өзгеруі, жаңа тауарлардың пайда болуы т.б.) әлсіз
талдануынан және нарықта жұмыс істеу тәжірибесінің жоқтығынан тұрақсыз
шарттарда әрекет етіп келеді. Сондықтан ауыл шаруашылық өнімін


51
тұтынушыға дейін тиімді жеткізуге бағытталған ғылыми зерттеулер өзекті
мәселелердің бірі болып келеді.
Ауыл
шаруашылығын
дамытуға
бағытталған
мемлекеттік
бағдарламалар, оның ішінде «Агробизнес — 2020» бағдарламасы отандық
ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін және азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығын қамтиды.
Бірақ саладағы еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, қолданылатын
технологиялардың жетілмеуі, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақтығы оны
кең көлемде дамуға мүмкіндік бермей отыр. Ол үшін ауыл шаруашылығы
қолда бар материалдық, еңбек және басқа да ресурстарды экологиялық
талаптарға сәйкес толығымен қолдануды қамтамасыз ету керек [2]. Қазіргі
жағдайда экономиканың аграрлық секторындағы экономикалық агенттердің
мүдделерін үйлестіру, көбінесе оларды нарықтық және мемлекеттік реттеу
нысандарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын ынталандыру арқылы
қол жеткізіледі. Мемлекеттің ауыл шаруашылығын реттеу әдістері
экономикалық тепе-теңдікті сақтаудан, ауыл шаруашылығы өндірісін
өндіруден және қайта өңдеуден, сонымен қатар шикізат пен азық-түліктің
объективті қажеттілігінен туындаған. Өйткені ауыл шаруашылық өнімдері
кез келген мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік тиімділігін
қамтамасыз етуге бағытталған [23].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет