21.2 Бизнес-жоспар жасау
Бизнес-жоспарда бизнестің идеясы туралы әңгімелеп, қаржылық талдау
жүргізіп, макетингілік жоспар мен қызметкерлер жоспарын құру қажет. Сол
кезде жекеменшік кәсіпкерліктің картинасы айқындала бастайды.Бизнес-
жоспарды әзірлеу кезінде келешек кәсіпкердің өзі үшін көп нәрсені ашып
және анықтауы да үлкен мәнге ие болады.
Бизнес-жоспар Сізге де, Сіздің бизнес бойынша потенциалды
серіктестеріңізге де, Сіздің өз ісіңізге арнап несие алуды көздеп отырған
банкіңізге де қажет.
Жоспарлау кәсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға,
сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде
пайдалануға және қате әрекеттердің алдын-алуға бағытталған.
Бизнес-жоспардың мазмұны
Бизнес-жоспардың мазмұны оның қандай мақсатпен жасалып
отырғандығына қарай әртүрлі болуы мүмкін. Біздің ойымызша, кәсіпкерге ең
алдымен бизнес-жоспарды өзіне арнап жасап алу керек. Алайда егер несие
алып немесе инвесторды тарту мүмкіндігі болып отырса, онда бизнес-
жоспардың мазмұны осы топтардың мүддесіне де сай болуы тиіс.
Бизнес-жоспардың стандарты жоқ. Бизнес-жоспардың құрамы және
оның толық берілу дәрежесі келешек жобаға және соның өзі жататын салаға
байланысты болады [27].
21.3 Жерге орналастыру жұмыстырын қаржыландыруды есептеу
Қаржыландыру - кәсіпорындарды, салаларды, жалпы экономиканы,
әлеуметтік аяны, аймақтарды дамытуға, елдің ұлттық қорғанысын
қамтамасыз етуге және қоғамдық өмірдің басқа аяларын дамытуға
жұмсалатын шығынды қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.
Кәсіпорындардың, түрлі деңгейдегі бюджеттердің, бюджеттен тыс
қорлардың, жекеше инвесторлардың қаражаты, басқа қаржы көздерінің
есебінен қаржыландырылады.
71
Қаржыландыру көлемі жоспарланған шығыс пен онын қамтамасыз
етілу көздері негізінде айқындалады. Коммерциялық кәсіпорындарда қаржы
ресурстары мен қаржылық өзара қатынастар кәсіпорынның бизнес-
жоспарында көрсетіледі (бизнес-жоспардың "Коммерциялық кәсіпорынның
бизнес-жоспары" бөлімі)
Сметалық қаржыландыруда тұрған кәсіпорындар мен мекемелерді
ұстауға және олардың қызметін кеңейтуге жұмсалатын ағымдағы шығыс
негізінен республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердін есебінен
қаржыландырылады.
Ұйымдардың ақшалай қаражаты тақырыптық-нысаналы мақсаттарына
қарай қаржыландыру түрлері: жалақы ұзақ мерзімге пайдаланылатын
заттарды сатып алу; жалгерлік (жалдау), көлік шығыны, күрделі жөндеу,
күрделі құрылыс, ағымдағы басқадай шығын. Қаржыландыру қағидаты:
жоспарлылык, каражаттың нысаналы мақсатқа жұмсалуы, барлық деңгейдегі
бюджеттерден ,бөлінетін каражаттың қайтарылмайтындығы, қаражаттың
кәсіпонның бизнес-жоспарына немесе ұйымның сметасына сәйкес жұмсалуы,
үнемдеу режимін сақтау.
Жерге орналастыруды жүргiзу жөнiнде тапсырыс берушi, жерге
орналастыру құжатын әзiрлеушi, жерге орналастыруды жүргiзгенде
құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалуы мүмкiн үшiншi тұлғалар, сондай-
ақ жерге орналастыру құжаттамаларына келiсiм беретiн және бекiтетiн
мемлекеттiк органдар жерге орналастыру процесiне қатысушылар болып
табылады.
Жерге орналастыру жұмыстарын мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген тәртiпте
жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзуге лицензия алған басқа да заңды
тұлғалар мен азаматтар орындайды.
Мемлекеттiк
монополияға
жатқызылған
жерге
орналастыру
жұмыстарын мемлекеттiк кәсiпорындар орындайды, жер ресурстарын
басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оларға қатысты мемлекеттiк
меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асырады [30].
|