1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет55/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

20.2. Еңбекті нормалау
Еңбекті нормалау – белгілі бір операцияларды (жұмыстарды)
орындауға қажетті уақыт мөлшерін белгілеу. Ол практикалық тұрғыдан
уақыт нормасын, өнім нормасын және қызмет нормасын белгілеп, өндіріс
орнының экономикалық өмірінде маңызды роль атқарады.
Уақыт нормасы - өнім өлшемін жасауға немесе өндірістік бір
операцияны анықтауға қажетті минутпен немесе сағатпен белгіленген уақыт.
Өнім нормасы – белгілі бір уақыт өлшемі ішінде өндірілуге немесе
өнделуге тиіс өнімнің заттық өлшемдерімен (дана, тонна, метр және т.б.)
көрсетілген мөлшері.
Уақыт өлшеміне байланысты өнімнің сағаттық, сменалық, ал кейін
тіпті айлық нормалары болады. Қызмет көрсету нормасы жұмысшының
смена ішінде қанша жабдыққа немесе жұмыс орнына қызмет етуге тиіс
екендігін көрсетеді.
Еңбек шығындарының нормалары жекелеген учаскелердің, цехтардың
және тұтас алғанда кәсіпорынының өндірістік қуаттарын есептеу үшін,
белгіленген тапсырманы орындауға мүмкіндік беретін жабдықтың,
жұмысшылардың және жалақы қорының қажетті мөлшерін анықтау үшін,
бөлшектерді, бұйымдарды әзірлеу мерзімін белгілеу үшін бастапқы деректер
болып табылады. Бұл келтірілген есептеулер кәсіпорындардың, цехтардың,
учаскелердің өндірістік жоспарын жасаған кезде қажет болады. Демек,
жоспар сапасы норма сапасына байланысты.
Көптеген кәсіпорындардың жұмыс практикасында кеңінен қолданылып
жүрген тәжірибелік-статистикалық нормалар кәсіпорының көшегі күнін


68
бейнелеп, өндірістің өзгерген жағдайларын, қолдағы бар мүмкіндіктер мен
резервтерді онша ескермейді [11].
20.3. Жерге орналастыруда еңбекақыны есептеу
Жалақы дегеніміз — жеке енбек шартынын негізінде орындалған енбек
үшін оның күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес жұмыс беруші төлеуге
міндетті сыйақы (табыс). Еңбекке ақы төлеуді құқықтық реттеу екі әдіспен:
орталықтандырылған және жергілікті әдіспен жүзеге асырылады.
Жалақыны
реттеудің
мемлекеттік
орталықтандырылған
әдісі
қызметкерлер тобының біліктілігін жіктеудің разрядаралық тарифтік
коэффиииенттерін, барлық кызметкерлердің енбегіне ақы төлеудің Бірыңғай
тарифтік кестесін, жалакы тарифтерін енгізу арқылы жүргізіледі. Енбекке
ақы
төлеудін
орталықтандырылған
әдісі
мемлекеттік
бюджеттен
қаржыландырылатын ұйымдар мен кәсіпорындарда қолданылады.
Материалдық салада еңбек ететін адамдар мен бюджеттен
қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы
деңгейлерін жақындастыру үшін жана бірынғай тарифтік кесте белгілеңді.
Ол экономиканың барлық саласының қызметкерлерін қамтиды. Бұл орайда
разрядтар аумағы бұрынғысынша қалды — бірінші разрядтан 21 разрядқа
дейін, алайда тарифтік коэффициенттер айтарлықтай өзгеріске ұшырады.
Меселен, бұрын бірынғай тарифтік кестедегі бірінші разрядтың
тарифтік коэффициенті — 2-ге, ал жиырма бірінші разряд- ІЗ,О8-ге тең
болса, жана тарифтік кесте бойынша олар тиісінше — 1 және 4,24-ті
құрайды. Бірынғай тарифтік кестенің негізіне еңбекке ақы телеудін
принципті жана жүйесі алынған [14].
Еңбек ақы төлеу жүйесінің негізі ретіңде «1 разряд ставкасы»
көрсеткішін, ал әлеуметтік төлемдер жүйесінің негізіне бюджетте бекітілетін
айлық есептік керсеткішті» қабылдау жолымен әлеуметтік төлемдер жүйесін
және еңбекке ақы төлеу жүйесінің аражігін ажырату — кірістер саясатын
реформалаудың басты қағидасы болып табылады. Ол бұрын заң жүзінде
қалыптасқан «ең аз жалақы» ұғымындағы қайшылыктарды жойды [16].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет