Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет16/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

матикасы деп аталады. Ең алғаш бұл термин А. П. Ершовтың 
[15] басшылығымен жасалынған, осылай аталатын концептуалды 
құжатта кең қолданыс тапқан. Енді осы аталған жұмыстың негізгі 
қағидаларына сүйене отырып мектеп информатикасы пəніне сипат-
тама берейік.
Мектеп информатикасы мектеп оқу үдерісінде ЭЕМ-ді 
қолдануды программалық, техникалық, оқу-əдістемелік жəне 
ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамасыз етуді зерттеумен жəне
жасаумен айналысатын информатиканың бір тармағы ретінде 
анықталады.


42
Мектеп информатикасын программалық (немесе матема-
тикалыққамтамасыз ету орта мектептің ақпараттық, басқару жəне 
оқыту жүйелерiн сүйемелдейді, оның құрамына осы жүйелердi жо-
балау мен сүйемелдеуге арналған программалық құралдар, сонымен 
бiрге оқушылардың, мұғалiмдердiң жəне халық ағарту саласының 
қызметкерлерiнiң осы жүйелермен қатынас жасауына арналған 
құралдар кіреді.
Мектеп информатикасын техникалық қамтамасыз етудiң 
мақсаты, мектептiң оқу-тəрбие үдерісiн сүйемелдеу үшiн қажеттi 
техникалық құралдарды таңдауды экономикалық негiздеу; 
мектептегi есептеу техникасына арналған кабинеттердi жабдықтау 
параметрлерiн анықтау; орта мектепке арналып, ерекше жасалған 
жаңа құралдар сериясын пайдаланудың тиiмдi қатыстарын табу.
Мектеп информатикасын оқу-əдiстемелiк қамтамасыз ету – мек-
теп информатика курсы бойынша, сонымен қатар информатиканың 
əдiснамалық ықпалына түсе алатын барлық мектеп пəндерi бо-
йынша жəне оқыту барысында информатика құралдарын пайдалану 
жоспарланған курстар бойынша оқу бағдарламаларын, əдiстемелiк 
құралдар, оқулықтар жасаудан тұрады.
Оқу үдерісіне жаңа ақпараттық технологиялардың енуiне жəне 
оны сүйемелдеуiне байланысты ұйымдастырушылық қамтамасыз 
ету мəселелерi күрделi де, əр қилы, əсiресе бұл мектепте бiлiм 
берудi компьютерлендiрудiң алғашқы кезеңiнде байқалады. Бұған, 
атап айтқанда, мектеп информатикасының техникалық базасын 
қамтамасыз ету мен ары қарай сүйемелдеу бойынша техникалық-
ұйымдастыру шаралары; əдiстемелiк құралдар, педагогикалық 
программалық құралдар (ППҚ) жасап, оларды көбейтудi жəне мек-
тепке (ҚБЖ) жеткiзудi ұйымдастыру; оқу-ағарту жүйесiнiң барлық 
деңгейлерiндегi мамандарды, əсiресе, информатиканы жаңа пəн 
ретiнде, басқа пəндердi оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде, ойлау 
стилi ретiнде жалпы мектепке ендіруге қабілетті мектеп мұғалiмдерiн 
дайындау жəне қайтадан дайындау жатады.
Информатиканың дамуына байланысты оның кибернетика-
мен өзара байланысы жəне шектелуі туралы сұрақ туындайды. 
Осыған орай, кибернетика ғылымының пəнін дəлірек анықтап, 
оның қатаңырақ түсіндірмесін келтіру қажет. Информатика мен ки-
бернетика басқару тұжырымдамасына негізделген көптеген ортақ 
қасиеттерге ие, дегенмен «… информатика кибернетикаға бүтіндей 


43
енiп кетпейдi” [11, 35-б.]. Информатика мен кибернетиканы шек-
теу жолдарының бірi – информатиканың зерттеу аумағына кез кел-
ген кибернетикалық (табиғаты кез келген жүйелердi: биологиялық, 
техникалық жəне т.б.) жүйелердегi емес, тек əлеуметтiк жүйелердегi 
ақпараттық технологияларды зерттеуді ғана жатқызу. Сонымен бiрге 
кибернетикада кез келген жүйедегі ақпарат қозғалысының ортақ 
заңдарын зерттеу сақталады да, ал информатика «осы теориялық 
iргеге сүйене отырып, технологияны, яғни ақпаратты өңдеу, та-
рату, пайдаланудың негізгі тəсілдері мен əдiстерiн зерттейдi. 
Кибернетикалық принциптер дербес нақты жүйелерден тəуелдi емес, 
ал информатиканың принциптері əр кезде де осы нақты жүйелермен 
технологиялық байланыста болады» [11, 36-б.].
Информатиканың барлық бөлімдері бір уақытта пайда болған 
жоқ. Информатика тарихы оның мүдделері ауқымының бiртiндеп 
кеңеюіне байланысты. Кеңею мүмкіншiлiгі компьютерлердің да-
муымен жəне модельдердің жинақталуымен жəне оларды əртүрлі 
типтегі есептерді шешу үшiн қолдану əдiстерiмен байланысты бол-
ды.
Д. А. Поспелов айтқандай қазіргі уақытта информатика құрылы-
мын келесі негізгі зерттеу аумақтары анықтайды [3]:
– алгоритмдер теориясы (алгоритмнің формалды модельдері, 
есептелу проблемалары, есептеу қиындықтары жəне т.б.);
– логикалық модельдер (дедуктивтiк жүйелер, шығару 
күрделiлiгi, дəстүрлi емес есептеулер: индуктивтiк жəне дедуктивтiк 
шығару, аналогия бойынша шығару, шындыққа жанасымды шығару, 
монотонды емес пайымдау жəне т.б.);
– мəлiметтер қоры (мəлiметтер құрылымы, сұранысқа жауап 
iздеу, мəлiметтер қорындағы логикалық шығару, белсендi қорлар 
жəне т.б);
– жасанды интеллект (бiлiмдi (мағлұматтарды) өрнектеу, бiлiм 
(мағлұматтар) негізінде шығару, оқыту, сараптық жүйелер жəне т.б.);
– бионика (биологиядағы математикалық модельдер, мiнез-
құлық модельдері, генетикалық жүйелер мен алгоритмдер жəне т.б.);
– үлгiлердi тану жəне көрiнiстiк сценаларды өңдеу (танудың 
статистикалық əдiстерi, (мəндi) кеңiстiктi пайдалану, тану алгоритм-
дер теориясы, үш өлшемдi көрiнiстер жəне т.б.);
– роботтар теориясы (автономды роботтар, əлем туралы білімді 
өрнектеу, орталықтанбаған басқару, мақсатқа сай мінез-құлықты жо-
балау жəне т.б.);


44
– математикалық қамсыздандыру инженериясы (программалау 
тiлдерi, программалық жүйелердi құру теориясы, инструментальды 
жүйелер жəне т.б.);
– компьютерлер мен есептеу жүйелері теориясы (архитектуралық 
шешімдер, ақпаратты өңдеудің жаңа принциптері жəне т.б.);
– компьютерлер мен есептеу желiлерiнiң теориясы (архитек-
туралық шешiмдер, көпагенттiк жүйелер, ақпаратты өңдеудiң жаңа 
принциптерi жəне т.б.);
– компьютерлiк лингвистика (тiлдiң моделi, мəтiндердi талдау 
мен синтездеу, машиналық аударма жəне т.б.);
– сандық жəне символдық есептеулер (есептеудiң компьютерге 
бағдарлы əдiстерi, əртүрлi қолданбалы салалардағы ақпаратты өңдеу 
модельдерi, жаратылыстық-тiлдiк мəтiндермен жұмыс жəне т.б.);
– адам мен машина арасындағы iс-əрекет жүйелерi (дискурс 
модельдерi, аралас жүйелердегi жұмыстарды бөлу, ұжымдық про-
цедураларды ұйымдастыру, телекоммуникация жүйелерiндегi iс-
əрекеттер жəне т.б.);
– нейроматематика жəне нейрожүйелер (формальды нейрон 
желiлері теориясы, нейрон желiлерiн оқытуда қолдану, нейроком-
пьютерлер жəне т.б.);
– компьютерлердi тұйық жүйелерде қолдану (нақты уақыт 
моделдерi, интеллектуальды басқару, мониторинг жүйелерi жəне 
т.б.).
Төменде информатиканың пəндiк саласының құрылымы 
берiлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет