4
пен А. И. Бочкиннің оқу құралдарының төңірегінде құрастыра жазы-
лып шыққан жəне М. П. Лапчикпен бірлескен авторлар ұжымы оқу
құралдары негізінде жеделдете жазылған тираждары көп емес оқу
құралдарының, кемшіліктеріне қарамастан, біздің еліміз көлемінде
алатын өз орны бар.
Осы уақытқа дейін информатиканы оқыту əдістемесі курсы бо-
йынша мемлекеттік тілде жүйелі оқу құралын жасау қолға алынған
емес. Оның түрлі себептері бар. Оның бірі – мектеп оқу жоспарындағы
информатика курсының орны жəне соған сəйкес оның мақсаттары
мен мазмұны төңірегіндегі бітпестей сенімсіздік жағдай. Бұл жағдай
жалпы білім беретін орта мектеп стандарты 2002 жылдан кейін ресми
түрде қайта қарастырылмауынан (2013 жылы қайта толықтырылып
бекітілуінен), 12 жылдық мектеп стандарты,
бірнеше рет жасауға
ұмтылыс болғанымен, қолға алынбауынан, сонымен қатар, білімді
ақпараттандыру,
оның ішінде, электрондық оқыту мəселелері
ойдағыдай көтеріліп, іске асырылуы аясында информатиканы оқыту
мəселелері көлеңкеде қалып қойғандай əсер қалдыратындығынан
туындаған болуы да мүмкін. Бұл оқулық мектепте информатика
пəні бар деп қана емес, информатика пəні болды деген жəне білімді
ақпараттандыру жағдайында да информатика пəнінің орны мен мəні
бұрынғыдан да артар деген үмітпен жазылып, ұсынылып отыр. Ке-
лешекте 12 жылдық мектептің оқу жоспарының ендірілуіне көп үміт
артуға болады. Оқулық мазмұнына, авторлардың өз зерттеулері бо-
йынша жазылған «12 жылдық мектеп оқу жоспарындағы информа-
тиканы оқыту құрылымы жайында» атты параграфтың енуі бекер
емес.
Педагогика ғылымының жаңа бағыты
информатиканы
оқыту теориясы мен əдістемесінің
теориялық негізін ұғынып
қалыптастырудағы əлі де болса алынбаған қиындықтар баршылық.
Қазіргі жағдайда, жаңа əдістемелік ғылымның теориясы мен прак-
тикасы өз қалыптасуының бастапқы кезеңінен өтті деуге болады.
Сондықтан бəрін жүйелеп толық қамтыдық деуден аулақпыз, не
дегенмен бұл кітаптың дүниеге келуі жаңа педагогикалық ғылым
– информатиканы оқыту теориясы мен əдістемесінің теориялық
негізі мазмұндық-əдістемелік толықтырылуы бойынша да дамуына
ықпалы болатындығына сенеміз.
Оқулықтың бірінші бөлімі жалпы
білім беретін орта мектепте
информатиканы оқыту əдістемесінің жалпы мəселелері (информати-
5
каны оқыту əдістемесінің пəні, орта мектепте информатика курсын
енгізу тарихы, оқыту мақсаттары мен міндеттері, мазмұнын таңдап
алу принциптері, мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру
жəне əр түрлі білім беру деңгейлерінде информатиканы оқыту
мəселелері жəне т.б.) қарастырылған. Информатиканы оқытудың
жалпы əдістемесі негізгі мағлұматтардан
тұратын он тараудан
тұрады. Əрбір тарауда семинар сабақтарын жүргізуге нұсқаулар мен
кең көлемде библиография берілген.
Оқулықтың
екінші
бөлімінде
информатиканың
негізгі
мазмұндық желілерін оқытудың нақты əдістемелері қарастырылған,
сонымен қатар жаратылыстану-математикалық жəне қоғамдық-
гуманитарлық бағыттардағы жоғары сыныптарда информатиканы
оқыту мəселелері мен жоғарғы сыныптарда информатиканың таңдау
курстарының мазмұндары берілген он тараудан тұрады. Əрбір та-
раудан кейін студенттерге арналып зертханалық практикумдардың
тапсырмалары берілген.
Қосымшада информатиканың мазмұндық желілерін оқытудың
білім жүйесі сызба түрінде келтірілген жəне информатиканы
оқыту əдістемесі курсы бойынша тест тапсырмаларының үлгілері
келтірілген.
Оқулық педагогикалық жоғарғы оқу орындарының 5В011100-
Информатика мамандығында оқитын студенттерге, информати-
ка пəні бойынша сабақтарды жоспарлап жүргізуге жетекші құрал
ретінде жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен арнайы орта
оқу
орындары, колледж оқытушыларына, сонымен қатар, магис-
транттар мен докторанттарға арналған.