16
формальды орындаушы (автомат) мен адамның қатынасы сүйенетін
əдіс ретінде ЭЕМ-ге программа құруға ғана байланысты емес. Мо-
дельдеу сияқты алгоритмдеу де кибернетиканың жалпы əдісі.
Түрлі жүйелердегі басқару үдерістері белгілі бір алгоритмнің
жүзеге асырылуына келтіріледі. Алгоритмдерді құрумен ең
қарапайым автоматты құрылғылардың жасалуы да, күрделi өндірістік
үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасап шығу
да байланысты. Алгоритмдеудің іргелі негіздері, бүтіндей, заманауи
математиканың теориялық саласында – алгоритмдер
теориясында
жатыр, бірақ алгоритмдеу, кең практикалық мағынада, алгоритмдер
туралы ұтымды ойлаудың ерекше өзіне тəн дағдыларына негізделген
белгілі бір практикалық тəсiлдердiң жиынтығы ретінде түсініледі.
Оқушылардың санасында алгоритмдік үдерістер мен оларды
сипаттаудың тəсiлдерi туралы түсiнiктер информатика мен есеп-
теу техникасының пайда болуына дейін мектеп пəндерін оқу ба-
рысында (айқын емес болса да)
қалыптасқандығы бiзге жақсы
белгiлi. Ол кезде мектеп пəндерінің арасында негізгі басты рөлді
операциялық жəне алгоритмдік амал-əрекеттер оның оқу қызметінің
маңызды элементтері болғандықтан математика атқарды. Шынын-
да да, математикалық алгоритмдерді тұжырымдау, жазу, тексе-
ру, сонымен бірге оларды дəл
орындау біліктіліктері, “алгоритм”
терминінің өзі мектептің оқу бағдарламасында қолданылмаса да,
əрқашан да оқушылардың математикалық мəдениетінің маңызды
құрамды бөлігі болды. ЭЕМ мен программалаудың тарап,
дамуы
нəтижесінде математикалық мəдениеттің бұл бөлiгi өзіндік мəнге
ие бола бастады, тек оны алгоритмдеудің жалпы маңызды құрамды
бөліктерімен толықтыру қажет болды. Осылайша құрылған өзіндік
ерекшілігі бар, қазіргі заман адамының жалпы мəдениетінің жаңа
элементін анықтайтын жəне сол себептен де мектеп жалпы білім
беру мазмұнына қосуға болатын ұғымдар, іскерліктер мен дағдылар
жиынтығы –
«оқушылардың алгоритмдік мəдениеті» деген атау
алды (М. П. Лапчик [6, 7, 9, 11]).
Алгоритмдеудің жалпы білім берерлік негiзiн талдау нəтижесiнде
құрастырылған алгоритмдік мəдениеттің құрамды бөліктерінің
тізбесі мен сипаттамасын қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: