1-модуль жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата05.09.2023
өлшемі420.06 Kb.
#476651
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.4-дәріс

Актив лексикалық минимум - күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер. Бұл 
сабақтың негізгі обьектісі болып табылады.
Пассив лексикалық минимум. Оларды оқушылар оқиды, мағынасын контекст 
бойынша немесе сөздің құрылымы бойынша түсінуі, я болмаса болжауы мүмкін. 
Пассив сөздерге уақыт бөліп, арнайы өту қажет емес. Оларды оқушылар түсінбеуі де 
мүмкін, бірақ формасы мен айтылуы есінде қалады. Кейін ол сөздер актив сөздерге 
айналуы мүмкін. Бұған мысал ретінде келесі тапсырманы қарастыруға болады: 
Бүгін күн жылы. Айнала аппақ қар. Әмір мен Саша аулаға 
шықты.
Оларда бір шана. Олар достар, бірге ойнайды. Бірінші Әмір 
сырғанады. Екінші Саша сырғанады. Сосын екеуі бірге 
сырғанады. Шанамен сырғанау көңілді. 
Күн тамаша болды! 
Мысалы, берілген мәтінде «айнала, бірге, сосын» деген пассив сөздер қолданылған. 
Мұғалім бұл сөздерге көңіл аудармайды. Оқушы бұл сөздерді мәтіннің мазмұнына, 
болмаса, сөздің құрылымына қарап, аңғарады.
Осы мәтіндегі актив сөздердің көпшілігін оқушы алдыңғы сыныптардан біледі. Ал 
«сырғанау, шана» сөздері - осы сабақта меңгерілетін лексикалық бірлік.
18 
Сонымен қатар бастауыш сыныпта лексикалық минимумды меңгертуге арналған 
бірнеше әдіс-тәсілдерді ұсынамыз: 
«Бір сөзбен айтқанда». Мұғалім бірнеше сөздер тізбегін береді, оқушылар осы 
сөздердің жалпы атауын табу керек. 
• ән, музыка, би (өнер) 
• қияр, қызанақ, орамжапырақ (көкөніс) 
• қасқыр, жолбарыс, аю (аңдар) 
• домбыра, сырнай, қобыз, жетіген (аспаптар) 
• ән, би, күй, тоқу, ою (өнер) 
торғай, қарлығаш, қарға (құстар)
«Сөздермен теннис ойнау». Мұғалім бұл жұмысты жұпта, топта өткізуіне болады. 
Бірінші оқушы берілген сөзбен сөз тіркесін құрастырады, келесі оқушы осы сөз 
тіркесін тағы да бір сөз қосу арқылы толықтыру арқылы сөйлем құрастырады. 
• өнер 
• ән өнері 


• Ән өнері ұнайды.
• Маған ән өнері ұнайды. 
• Маған қазақтың ән өнері ұнайды.  
«Дефиниция». Мұғалім оқушыларға сөздің анықтамасын береді, оқушылар сөздерді 
табуы керек.
Мерекеде адамдар осы жерге жиналады. Ол жерде концерттер, ойындар болады. 
(алаң) 
Бұл затты қыздар жақсы көреді. Оны мойынға тағады. Оны әртүрлі заттардан 
жасайды. (моншақ) 
• Бұл -қымбат металл. Одан сырға, жүзік, білезік жасайды. (алтын) 
19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет