1-модуль жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың ерекшеліктері


Берілген сөздерді қимыл-ишарамен көрсету



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата05.09.2023
өлшемі420.06 Kb.
#476651
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.4-дәріс

Берілген сөздерді қимыл-ишарамен көрсету. Бұл жерде бір оқушы сөздерді оқып, 
сыныпқа қимыл-ишарамен көрсетеді, сынып оқушылары сөзді табу керек. 
• кет 
көтер 
• ренжі 
• апар 
• шула 
• ұш 
• шула 
• өс  
 
Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздер, сөз тіркестерін табу. 
• Ақылды- ақымақ 
• Жалқау – еңбекқор 
• Қате –дұрыс 
• Оңай –жеңіл 
Ешкім-бәрі 
• Ерте-кеш 
• Бұрын-қазір 
Лас жер - таза жер 
• Терең көл- таяз көл 
• Тұщы су- ащы су 
• Ірі жәндік –ұсақ жәндік 
• Қызықты мәлімет – жаңа 
ақпарат 
«Бұл не? Бұл кім?» 
«құстың үйі», «ол жерге құстар жұмыртқасын салады», «құстың 
балапандары жатады» (ұя) 
• «суда жүзеді, сусыз өмір сүре алмайды» (балық) 
• «үй жануары, кішкентай, секіріп ойнайды» (лақ) 
• «бұл уақытта адамдар ұйықтайды» (түн) 
• «күші көп адам, күреседі» (балуан) 
• «бұл адам өлең жазады, дарынды адам» (ақын) 
20 
3-сынып. «Өнер» ортақ тақырыбы аясында лексикалық минимумды меңгерту.
«Өнер» бөлімі. «Менің әжем-ісмер». 4- сабақ. ЛГМ: кілем. 
Менің әжем– ісмер. Ол бұрын кілем 
тоқыған. Әжемнің кілемі көп. Бір кілемін 
мұражайға берді. Әжем қазір де бос 
отырмайды. Маған қолғап, тақия да 
тоқиды. Мен оларды қуана киіп жүремін. 

Сурет бойынша әңгіме құра.
Үлгі: Дананың әжесі кілем тоқиды.


Суретке қара. Сұрақтарға жауап 
бер. 
Бұл бұйым қалай аталады? 
Оны қайдан көрдің? 
Оны не үшін қолданады?
 
 
21 
3- сынып. «Өнер» бөлімі. Өнерлі бала сүйкімді 1-сабақ. ЛГМ: өнер. 
Суреттерге қара. Жұбыңмен бірге талқылап, 
сұрақтарға жауап бер. 
Суреттерден кімдерді көріп тұрсың? 
Балалар немен айналысып жатыр? 
Ән айтуды, би билеуді, сурет салуды не деп 
айтады? 
Ал сен қандай өнерді жақсы көресің? 
Қандай үйірмеге барасың? 
 
Мұғалім жаңа сөздерді үйретуде үнемі екі нәрсені есте сақтауы керек: білім 
алушы сөзді тыңдағанда, оқығанда мағынасын түсінуі тиіс және сөйлеу барысында 
сөздерді дұрыс, орынды қолдана білуі керек. 
22 
Оқу материалын бекіту үшін практикалық тапсырмаларды орындауды ұсынамыз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерде қазақ тілін аудармасыз оқытудың 
әдістемелік ұсынымдары. Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 
2019. – 160 б. 
2. 
Лексиканы меңгерту жолдары. Н.Ж. Даулеткереева. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
ДББҰ. 
3. 
Скотт Торнберри – Расширение словарного запаса (Pearson Education Limited) (Сөздік қорды 
кеңейту), Малайзия, 2007 ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет