Дәріс тақырыбы Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу қағидалары



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата06.09.2023
өлшемі0.91 Mb.
#476683
1   2   3   4
23,04

132-суретФранцуз философы Огюст Контты қолдауға 1850–1857 жыл- 
дар аралығында шығарылған 135х97 мм баспа квитанциясы
 
 
Бүгінде Қазақстанда Starttime.kz және BariBirge.kz секілді 
екі Crowdfunding платформалары жұмыс жасайды және 
микроинвестиция жинағы бойынша нәтижелері өте жақсы.
Baribirge.kz – Орталық Азиядағы 
табысты онлайн платформа мысалы 
бола алады, себебі бір жылда сайтта 23 
жоба іске қосылды. Ал бұл өз кезегінде 
Қазақстандағы бірінші Crowdfunding 
платформасы болатын.
Платформада кез келген сала бойын- 
ша қолдау табуға болады. Ол әдеби, 
шығармашылық жобалардан бастап,


Startup-тар мен әлеуметтік жобалармен аяқталуы мүмкін. Ең 
бастысы, жоба «Нәтижесінде қоғамға қандай пайда келеді?» 
деген сұраққа жауап беруі керек.
Starttime.kz – ұжымдық қолдау арқылы автордың қызық- 
ты идеяларын жүзеге асыру үшін қаржылай көмек көрсететін 
сервис. Starttime қатысушылары әлеуметтік, коммерциялық 
немесе қайырымдылық идеялар
бола алады.
Жоба құру, ойды жүзеге асы- 
ру үшін қаржы жинау немесе та- 
лантты қолдау қарапайым тіркеу- 
ден өтуді ғана талап етеді. Өтініш- 
тер мекеме атынан және дербес бе- 
ріледі.
Starttime құқық иелерін (идея авторларын), олардың 
жұмыстарының нәтижесін және қатысушыларды (қызығу- 
шылар, қолдаушылар) біріктіреді. Қызықты авторлық идея- 
ларды қолдау мен жылжытуда Starttime жинақтаушыларға 
сирек кездесетін, бірегей өнім ұсынады. Starttime қолдану- 
шылары жинақтаушылар деп аталады, себебі олар авторлық 
жобаны қолдай отырып, өздерін қызықтыратын өнімді ала 
алады.
Crowdfunding платформаларын қолдану мүмкіндіктері:
 
• жоба авторларымен тікелей байланысқа түсу, қызықты- 
ратын сұрақтар қою, серіктестікті ұйымдастыру, ұнаған 
өнімге тапсырыс жасау.
• белгілі бір себептермен жүзеге асыра алмайтын шығарма- 
шылық үдерістің қатысушысы болу.
• 
авторлардан тікелей материалдық емес сыйлықтар алу 
(мысалы, музыканттардан авторлық диск алу).
• басқа жинақтаушылармен араласу, қызықты жобалардың 
жылжуына қолдау көрсету.
Crowdfunding – бірегей, теңдесі жоқ құрал. Жобамен сауатты 
тұрғыда жұмыс істеу арқылы жоба авторында мақсатты ауди- 
торияны жинау, өз идеялары бойынша кері байланыс алу, өз 
өнімдеріне тапсырыс алу, өнімді іске асырмай тұрып жарнама 
жасау секілді мүмкіндіктер пайда болады.


1. Crowdfunding дегеніміз не?
2. Crowdfunding-тің қандай түрлері бар?
3. Қазақстанда қандай танымал Сrowdfunding-тің плат- 
формалары бар?
1. Starttime.kz платформасының қызметі не және қандай маңызды 
іс-әрекеттерді орындайды?
2. Қазақстанда Сrowdfunding қай жылы пайда болды?
Стивен Брэдфорд атап көрсеткен Сrowdfunding бес базалық 
моделiне сипаттама беріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет