Академиялық жазылым үдерісі Тақырып таңдау



бет1/3
Дата11.02.2024
өлшемі24.16 Kb.
#491590
  1   2   3
3 дәріс


3 дәріс. Академиялық жазылым үдерісі
Тақырып таңдау
Ақпарат іздеу
Жазылым үдерісі
Жазба жұмысын жоспарлау

Тақырып таңдау


Тақырып таңдау жазба жұмысын жазу үдерісінің ең маңызды кезеңі болып саналады. Мәселен, эссе тақырыбын таңдау қарапайым болып көрінгенмен, біршама ойлануды талап етеді. Сондықтан оған үстірт қарауға болмайды. Себебі оқырман эссе мазмұнын толық оқымас бұрын эссе тақырыбын оқиды. Олар тақырыпқа қарап эссенің қандай бағытта жазылғанын түсінеді. Осы жайттарды ескере отырып, жазба жұмысы тақырыбының қаншалықты маңызды екенін және оны қанша адам оқитынын аңғаруға болады.
Жазба жұмысы белгілі бір пәнге қатысты зерттеу тақырыбын қозғайды, ал зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау оның мақсат-міндетін айқындап алумен тікелей байланысты.
Зерттеу жұмысы тақырыбының мақсаты мынадай қарапайым негіздерден тұрады:
- Зерттеу жұмысының жалпы бағытын айқындау;
- Арнайы бір тақырыпқа бағыт алу;
- Өз оқырманын қызықтыру.
Студенттер өз зерттеу жұмысына көп уақыт жұмсауы мүмкін. Зерттеу жұмысының сәтті әрі жылдам жазылуы таңдалған тақырыпқа тікелей байланысты. Сол себепті, алдымен тақырыпты мұқият таңдап алған дұрыс. Тақырып таңдау барысында ең басты ескеретін жайт – таңдалатын тақырып оқылып жатқан пәнге қатысты болуы қажет. Өйткені, академиялық мәтін жазудағы негізгі мақсат – осы пәнге қатысты қандай да бір тақырыпты терең білу және осы тақырып туралы ізденісті білдіру.
Тақырыпты таңдау барысында пәнге қатысты дәріс тақырыптары мен пәннің оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарды мұқият қарап шығу қажет. Солардың ішінде қызықтыратын тақырыпты таңдап алуға болады.
Тақырып таңдау барысында ескеретін жайттар:
- Тақырып адамның жеке өміріне қатысты болмауы керек;
- Тақырып тым шағын болмауы керек;
- Тақырып тым кең, көлемді мәселені қамтитын болмауы керек;
- Тақырып бойынша ақпараттар аз болмауы тиіс.
Сонымен қатар тақырыптың құрылымын жазу барысында мынадай қарапайым шарттарды білген жөн:
1) Түсінікті, шағын және қызықты етіп жазу. Тақырыптың негізгі мақсаты – жазба жұмысы жөнінде қысқаша, нақты қорытынды беру. Сол себепті, тақырып шағын және түсінуге жеңіл болып жазылуы керек. Тақырыптың құрылымын жазу барысында күрделі сөз тіркестері немесе мағынасыз сөздерді қолданбаған жөн. Тақырып күрделі болса, оқырман үшін түсініксіздеу болып кетуі мүмкін.
2) Мағыналы сөздерді қолдану. Тақырыпта жазба жұмысының түйін сөздері мен зерттеу табиғатын ашатын мағынадағы сөздер қолданылу керек. Жұмыс жазылатын салада қолданатын терминдер туралы ойланып, оларды тақырыпта қолдануға тырысу қажет.
3) Қысқарған сөздер мен жаргондарды қолданбау. Тақырып құрылымын жазу барысында көпшілікке белгілі БҰҰ, ҚР сияқты қысқарған сөздерді қолдануға болады. Дегенмен жалпыға бірдей таныс емес арнайы салада қолданылатын қысқарған сөздерді қолданбаған абзал. Сонымен қатар жаргондар қолданылмағаны дұрыс, себебі бұл сөздер ғылыми стильге тән емес және оқырманға түсініксіз болуы мүмкін.
Негізінен сәтті таңдалған тақырып мынадай талаптарға сәйкес келеді:
- Мазмұнымен сәйкес келеді;
- Оқырманның қызығушылығын тудырады;
- Жазба жұмысының бағытын байқатады;
- Компьютер арқылы тез тауып алуға мүмкіндік беретіндей түйін сөздер қолданылады;
- Өз саласындағы бір тақырыпта жазылған жұмыстардың тақырыбына ұқсамайды (тақырыбын қайталамайды).
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын тақырыптың қай бағыты қызықты екенін айқындап алу керек.
Тақырып таңдау барысында кейбір студенттер қателіктерге де жиі ұшырасады.
Студенттердің тақырып таңдауда жиі жасайтын қателіктері мыналар:
-Тақырыптың ауқымды болуы;
-Тақырыптың өте шағын болуы;
-Тақырыптың қызықсыз болуы;
-Тақырыпта қысқарған сөздердің қолданылуы;
-Тақырып таңдау туралы кеңес сұрамауы;
-Уақытты тиімді қолданбауы.
Аталған кемшіліктерді болдырмай тақырыпты сәтті таңдау үшін мынадай амалдарды қолдануға болады:
-Ойшақырту амалдарын қолдану;
-Өзі оқи алатын және түсіне алатын әдебиеттерге қатысты тақырып таңдау;
-Тақырып жөнінде материалдар табуға және жаза алатына сенімді болу;
-Кілт сөздердің тізімін жасап алу;
-Зерттеу тақырыбының сұрағын айқындап алу;
-Өз тақырыбына қатысты еңбектерді көп оқу;
-Негізгі тұжырымдарды анықтап алу.
Зерттеу жұмысының сәтті шығуы тақырыпқа қатысты екені белгілі, сол үшін кез келген студент өз тақырыбын дұрыс таңдауға бар күш-жігерін жұмсайды. Студент үшін тақырып туралы қалай ойлануға болады деген сауал туындауы заңдылық. Сондықтан тақырыпты іздестіру барысында мынадай бағытта жұмыс жасау оң әсерін тигізуі мүмкін:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет