Заманауи педагогикалық технологиялар


Тұлғалық бағдарланған оқыту



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата06.09.2023
өлшемі348.68 Kb.
#476731
1   2   3   4   5   6   7   8   9
СОВР-ПЕДТЕХ-КАЗАХ

Тұлғалық бағдарланған оқыту
Тұлғалық бағдарланған технологиялар білім алушының тұлғасын бүкіл білім беру 
жүйесінің орталығына қояды. Оның дамуының жайлы, шиеленісін жағдайларын, оның 
табиғи әлеуеттерін іске асыруды қамтамасыз ету. Осы технологияда оқушы субъект ғана 
емес, басымдыққа ие субъект болып табылады; ол – қандай да бір дерексіз дүниелерге 
жету құралы емес, білім беру жүйесінің мақсаты.
Тұлғалық бағдарланған сабақтың ерекшеліктері  
 
Типі, түрі мен нысаны әртүрлі дидактикалық материалды құрылымдау, оны сабақта 
қолдану мақсатын, орнын және уақытын белгілеу.
 
Мұғалімнің оқушыға өзін іс жүзінде таныту мүмкіндіктерін ойластыру. Оларға 
сұрақ қою, бірегей идеялары мен болжамдарымен бөлісу мүмкіндігін беру.
 
Ой, пікір, бағамен алмасуды ұйымдастыру. Оқушыларды жолдастарының 
жауаптарын толықтыруға және талдауға ынталандыру.
 
Әр оқушының субъектілік тәжірибесін қолдану және түйсігіне сүйену. Сабақ 
барысында туындайтын қиын жағдайларды білімді қолдану саласы ретінде 
қолдану.
 
Әр оқушы үшін сәттілік жағдайын жасауға ұмтылу.
Тұлғалық бағдарланған оқыту технологиялары 
Әртүрлі деңгейлік оқыту технологиясы
Материалды меңгеруге берілетін уақыт шектелмеген жағдайлардағы оқушылардың 
қабілеттіліктері зерттелді және мынадай санаттары бөліп көрсетілді:
 
қабілеті аз, олар оқу уақытының көп бөлігін жұмсаған жағдайда білім мен 
машықтардың алдын ала белгіленген деңгейіне жетуге қабілетсіз;
 
дарынды (шамамен 5 %), олар қалғандарының шамасы келмейтін дүниені орындай 
алады;


 
білім мен машықтарды меңгеруге деген қабілеттіліктері оқу уақытын жұмсауға 
байланысты оқушылардың шамамен 90 %.
Ұжымдық өзара оқу технологиясы
Осы технология бойынша жұмыс барысында жұптардың үш түрі қолданылады: 
статистикалық, динамикалық және вариациялық.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет