57
ұластыратын «алтын көпір» бейнелі қызметі. Халық даналығының ұйытқысы –
тілдің бұл қызметін ғылымда кумулятивтік функциясы деп атайды. Оның бұл
қызметі – ұлттың ұзын сонар рухани өмірін жалғастырушы ғана емес, сонымен
қатар ұлт тарихы мен менталитетіне, сана-сезіміне, өзіндік болмысына қажетті
рухани құндылықтарды өз бойында сақтап, келесі
ұрпаққа асыл мұра ретінде
жеткізіп отыратын қасиетімен де қымбат» [65,14-б.], дейді.
Сөздің мазмұндық белгісі – аталымның дербес мағыналы лексема ретіндегі
ұстанымы. Аймақтық сөз – аталым қызметін атқаратын лексикалық бірлік.
Сөздің лексикалық бірлік ретіндегі басты қасиеті – белгілі тарихи кезеңде
қалыптасқан ұғымды білдіріп, атап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қызметін
атқаруы.
Достарыңызбен бөлісу: