Зерттеу жұмысының өзектілігі. Этномәдени лексика – қазақ этносы
мәдениетінің құнды деректерін бойына терең дарытып жинақтаған, ғасырдан-
ғасырға мұра болып келе жатқан байлығы. Ұлттық тіл – өте кең ұғым, өзінің
тарихи дамуына қарай күрделі, сан қилы өткелдерден өтетіндіктен, құрамы
жағынан бірыңғай бола бермейді. Қазақтың ұлттық тілі ала-құлалығы елеусіз,
ортақтығы басым монолитті тіл, оның біртұтастығы жергілікті сипаты болса да,
ұлан-байтақ аймақтың, тіпті тағдыр тәлкегімен нәубет кезеңдерінде шет жайлап
кеткен қандастардың да бір-бірімен еркін түсінісетіндігінен көрінеді. Осыған
орай, қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері сөйленіс аталып, сөйленістер
тобына бөлінеді.
Қазақтың ұлттық тілінің құрамдас бөлігі – сөйленістер жүйесі, ал
аймақтық лексика осы жүйенің тіл тарихымен өзектес қабаттардан тұратын мол
саласы. Аймақтық лексика – сақталған тарихи жазба деректері тапшылау түркі
тілдерінің бірі, қазақ тілінің, өз тарихын, рухани-материалдық байлығын
таразылап, зерделеуінде, өзін-өзі тану жолында жүгінетін көнекөз куәсі.
Аймақтық лексиканы қазақтың дәстүрлі мәдениетінің аймақтық көріністерін
таңбалайтын этномәдени мазмұнды бірліктері – аймақтық сөздер құрайды.
Қазіргі «Рухани жаңғыруға» бет бұрған кезеңде «Әжептәуір жаңғырған
қоғамның өз тамыры, тарихының тереңінен бастау алатын коды болады. Жаңа
тұрпаттағы жаңғырудың басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу.
Онсыз жаңғыру дегеніңіз құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген тұжырым
«ұлттық код» тамырының аймақтық лексикада да тармақтары бар дегенге
сілтейді. Қазақтың біртұтас тілінің аймақтық лексикасы – ұлттық тіл
байлығының жергілікті сипаты бояуы сіңген бөлігі, сондықтан қазақтың
аймақтық мәдениеті өзгеше болмайды.
Қазіргі тіл ғылымы этномәдени бірліктерді жеке дара күйінде зерттеуден
гөрі оларды өзара байланысты этномәдени ақпарат көзі ретінде зерделеуге ден
қойып отырған кезеңде, аймақтық лексиканы этномәдени дереккөз ретінде,
дәстүрлі қазақ мәдениетінің аймақтық көрінісі тұрғысынан айқындап, оның
танымдық қатысымдық қызметін көрсету зерттеу жұмысының өзектілігін
дәлелдейді. Халықтың тілінде таңбаланып, оның өмірімен біте қайнасып келе
жатқан этномәдени лексикасының коды осы аймақтық лексикадан да тамыр
тарататынын, ұлттық мәдениет құндылықтарының аймақтық лексикада өзіндік
рең бояу ала отырып, дәстүрлі мәдениетті айшықтай түсетінін тіл деректері
арқылы таныту зерттеу жұмысының өзектілігін нақтылай түседі.
Зерттеу нысаны қазақ тілінің аймақтық этномәдени лексикасы, оның
құрылымдық қабаттары, этномәдени мазмұнды аймақтық сөздің ерекшелігі,
этнос болмысын танытатын рухани және материалдық мәдениет деректі
бірліктері.
12
Зерттеу пәні аймақтық, диалектологиялық, тарихи сөздіктердегі
этномәдени мазмұнды бірліктер, олардың аймақтық сипаты, олардың
дүниетанымдық мәні мен қатысымдық қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |