М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


Үшінші тарау бойынша тұжырым



Pdf көрінісі
бет85/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89
Бисенбаева

Үшінші тарау бойынша тұжырым 
Заттарға қойылатын негізгі талап – олардың адамға тигізетін пайдасы 
немесе зияны, бұл көп жағдайда магиялық сипатқа да ие болып кететіні, одан 
әртүрлі тыйымдар туындайтыны да болған. Архаикалық мәдениет заттарының 
таңбалық, символдық мәні басым, олар көп жағдайда белгілі ақпарат білдіреді. 
Бұл, әсіресе киім-кешек бұйымдарынан айқын аңғарылады. Киім-кешектің ер – 
әйел, бала, ұл – қыз, ер адам мен әйел киімдерінің жасы, мәртебесіне қарай 
жіктелуінің сиволдық мәні бар. Материалдық мәдениет тек тән азығы үшін 
жасалмайды, жан азығы үшін де жасалады. Материалдық мәдениет пен рухани 
мәдениет бірінен-бірі туындайтын егіз ұғым
Мәдениеттің 
сигнификаттық 
қызметі 
мен 
танымдық 
және 
коммуникативтік функциялары қатар жүреді. Таңбалар мен олардың мағынасы 
адамға «әлем бейнесін» жасауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған ақ бүрку, 
қымызмұрындық, сірге жияр атауларының сигнификаттық функциясы жылқы 
малын қадірлейтін халықтың да бәріне түсінікті емес. Атау, мағына, бағалау 
көмегімен шындық әлем континуумы мәнді фрагменттерге бөлінеді. Олар өз 
кезегінде 
практикалық 
және 
рухани 
әрекеттердің 
талабына 
сай 
дифференциацияланады, интеграцияланады. Әр мәдениетте бұл бөлініс әртүрлі 
ұғымдық, тілдік мәнге ие болады Өйткені мәдениеттің адами мөлшерін 
танытатын құндылық өз бойына адам болмысы мен адамның тіршілік ету 
формаларын жинақтайды. 
Әр мәдениет өзіне тән құндылықтар жүйесінен тұрады. Құндылық – адами 
мәдениет көрсеткіші, мәдениеттің адам болмысындағы әртүрлі формаларына 
көзқарасын 
танытушы. 
Құндылық 
– 
адамның 
өмірге, 
еңбекке, 
шығармашылыққа, өткеннің өнегелі тұжырымдарына, отбасы, қоғам мүшелері 
арасындағы қарым-қатынасқа, адам өмірінің мән-мағынасына деген бағалау 
мәнді қатынас-көзқарас деп пайымдауға болады.


158 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет