лингвомәдени бірліктер жатады. Лингвомәдени мазмұнды атау – халық
мәдениетінің тілде сақталған көрінісі, ғылыми тілде лингвокультурема деп
аталады. Этномәдени лексиканы осындай бірліктер құрайды.
Қазақтың ұлттық тілі диалектілік айырым белгісі аз біртұтас монолитті тіл
саналады, дегенмен осы біртұтастық көлемінде азды-көпті сөйленістік
ерекшеліктер байқалады. Тіл адам баласының қолымен жасалған мәдени,
рухани және материалдық байлығын сөз арқылы атап көрсетеді. Сөздің
мазмұндық белгісі – аталымның дербес мағыналы лексема ретіндегі ұстанымы.
Аймақтық сөз де аталым қызметін атқаратын лексикалық бірлік.
Қазақ лингвистикасындағы антропоөзекті бағыт тіл – этнос – мәдениет
арақатынасын «тіл айнасында» зерделейді, осыған орай, аймақтық лексика
мазмұнды дереккөз саналады. Аймақтық лексика – ұлттық тіл байлығының
құрамдас бөлігі, сондықтан аймақтық мәдениет өзгеше бөлек дүние емес.
159
Аймақтық ерекшелік – қазақтың дәстүрлі мәдениетінің аймақтық көріністері
мен этномәдени бояулы мазмұнын сақтаған: кісенан, қазанжаппа, шатпа т.б.
атаулар мен ұлттық құндылықтарды құрайтын қазан, қазанат т.б. тәрізді
аталымдар семантикасының дамуынан да көрінеді.
Аймақтық лексикадағы этномәдени бірліктер қазақ мәдениеті атты үлкен
арнаға құяр бұлақ. Аймақтық сөз – қазақтың дәстүрлі мәдениетінің аймақтық
көріністерін бойына жинақтаған, оны айрықша мәнер бояумен таныта алатын
этномәдени мазмұнды бірлік. Аймақтық лексика – ұлттық тіл байлығының мол
да жүйелігі бөлігі, сондықтан аймақтық мәдениеттің жалпы қазақ қауымы үшін
жаттығы, өзгешелігі болмайды. Аймақтық лексиканы қалыптастырушы тіл иесі
– біреу, аймақтық сөз қатысым қажеттілігі үшін пайда болған. Тілдік қатынасты
жүзеге асырушы тетік ретінде сөйлеу актісінде адресант пен адресат
арасындағы тілдік жағдаятқа сай қызмет атқарады.
Аймақтық лексикадағы этномәдени бірлік-атауыш белгілі мәдени
концептінің құрамына енеді, оны жаңа мән-мазмұнмен толықтырады. Бір-
бірінен алшақ өмір сүретін сөйленіс иелері арасында осы әртүрлі мәнге ие
болуы заттық-бейненің мәнді белгілерінің халық санасында сезімдік таным
деңгейіне көтерілу дәрежесіне байланысты.
Аймақтық лексиканың да үлкен қабатын туынды сөздер, синтетикалық
тәсіл, арқылы жасалған туынды сөздер құрайды. Сөйленістерге сөзжасам
жүйесі ортақ болғанымен, әр тәсіл арқылы жасалған сөздердің мағынасында
ерекшелік бар. Ол туынды сөзді жасайтын жұрнақ та, негіз де әдеби тілге тән
бола тұра, сөйленістік мағына жасай алатыны, күрделі сөз сыңарларының тек
әдеби варианттардан құралып, сөйленістік мағына білдіре алатынынан немесе
сыңарларының біреуі сөйленістік, біреуі әдеби сөз болып келуінен сөйленістік
мағына
жасалатынынан
аңғарылады.
Мұндай
жағдайлар
аймақтық
сөзжасамның өзіне тән күрделі табиғатынан хабар береді.
Аймақтық лексиканың қалың қабатын бейнелі атаулар – фразеологизмдер
құрайды. Халық ойының тереңдігі, ұлттық санасының дамығандығы, табиғат
сырын қаншалықты меңгеріп бағалағандығынан көрінеді, ол ұлттық мәдениет
мазмұны, ерекшелігі ретінде ұғынылады. Фразеологиялық бірліктердің
құралуының басты себебі ұлттық мәдени мазмұнды таныту деп түсінуге
болады. Фразеологизмдер – тіл иесі халықтың жалпы әлем жайлы ұғым-
түсініктерінің, өзін қоршаған орта, шындық болмысты қабылдауының, оны
мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктерін танытатын әр тілде өзгеше өрілетін
ғаламның тілдік бейнесін жасауға қатысатын әдемі де әсерлі сөз маржандары,
тілдік метафоралық құрылымдар. Бұл белгілерді әр этнос өмірді танып білуіне
қарай
өзі
жасайды.
Ғасырлар
бойы
қалыптастырады,
сондықтан
фразеологизмдерде әр халықтың ежелгі мәдени құндықтарының пайда болу
жолы мен заңдылықтарымен сәйкесетін уақыттың, заманның табы сақталған.
Ол халықтардың экономикалық, географиялық жағдайына негізделген өмір
сүру салтынан туады.
Сөйленістер жүйесіндегі фразеологизмдер – жалпы тұрақты тіркеске тән
белгілерді
толық
сақтаған
құрылымдар.
Бейнелілік
жағынан
еш
160
айырмашылығы жоқ, өйткені тіл иесі – біреу , соған қарамастан, олардың
күрделі туындылардан бөлек алыну себебі де осы айрықша бейнелілік
қасиетінде деуге болады. Сөйленістік фразеологизмдердің азды-көпті
айырмашылығы тек оларды құрайтын компоненттердің шығу негізінде,
құрылымында. Сөйленістік фразеологизмдер жалпыхалыққа белгілі сөздер мен
жергілікті ерекшеліктердің арақатынасынан құралады.
Материалдық мәдениеттің де, рухани мәдениеттің де бастауы – адам
баласының санасында «үй-баспана, үй-тұрақ» ұғымының пайда болуы мен
адамның табиғаттың саналы перзенті екендігін сезінуінің жемісі. Үй адамдарды
отағасы және отбасы мүшелері тәрізді әлеуметтік-отбасылық белгілеріне қарай
біріктіретін мекен-жай, тұрақ, баспана Ал үйдің құрылысы, үй салу (үй тігу)
тәсілдерінің жетілуі адамзат санасының жетілуінен, оның тұрмыстағы
қажеттілігі мен өмірге деген талап-тілегінің өсу деңгейінен де хабар береді.
Әлем халықтары үй құрылысы, киім пішімі, тігісі жағынан да бөлініп,
ерекшеленіп жатады.
Әр мәдениет өзіне тән құндылықтар жүйесінен тұрады. Құндылық – адами
мәдениет көрсеткіші, мәдениеттің адам болмысындағы әртүрлі формаларына
көзқарасын
танытушы.
Құндылық
–
адамның
өмірге,
еңбекке,
шығармашылыққа, өткеннің өнегелі тұжырымдарына, отбасы, қоғам мүшелері
арасындағы қарым-қатынасқа, адам өмірінің мән-мағынасына деген бағалау
мәнді қатынас-көзқарас деп пайымдауға болады. Құндылықты сезіну:
жақсылық, әсемдік, әділеттілік тәрізді құрылымнан тұратын адамның
материалдық және рухани қажеттілігін өтеу үдерісіндегі жағымды бағалауға ие
сәттері. Өйткені құндылықтар шынайы өмірді жүйелеп реттейді, байыпты
бағалауға негіз болады, адамзаттың өмір-тіршілігіне мән-маңыз қосады. Белгілі
бір құндылық көрінісі әр мәдениетте өзінше түзілетіні, өзіндік мәнге ие
болатыны белгілі.
Адам баласы үшін пір тұтатын киелі, қастерлі ұғым-түсінік өмірдің қай
кезеңінде де өте қажет. Құндылық – киелі де қастерлі ұғым. Бұл мәселенің,
әсіресе құндылықтардың мәні азайып, дәстүрлі мәдениеттің қадірі кетіп бара
жатқан дәуірде ауадай қажеттілігі сезіледі. Өз ұлтының құндылықтарына
ықыласпен, құрметпен қарау сезімі адам бойына сәби кезінен сіңіріледі,
Ананың сүтімен беріледі. Өз халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін –
моральдық негізі ретінде Ана тілі арқылы игеріп, нәр алады. Қазақ
мәдениетіндегі Құндылық жүйесі – Шаңырақ – Отбасы ұғымдарынан бастау
алады. Шаңырақ – көшпелілер дәуірінің Ұлы жетістігі! Ғаламды тану деңгейі,
сондықтан да Киіз үй – қарапайым баспана емес, Ғалам бейнесі. Киіз үй –
құндылық.
Киіз үй көшпелі өмір салтымен бірге пайда болды, сондықтан басқа да
көшпелі халықтар тұрмысында да бар. Қазақтардың киіз үйінің құрылысында
өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік – «киіз үй» аталатын баспанаға қатысты
атаулардан, олардың семантикасынан көрінеді. Алдымен, сөйленістерде киіз
үйдің өзі бірнеше атауға ие: ағаш үй, боз үй, қазақ үй, қара үй, терме үй.
Бұлардың бәрі де «үй-баспана» парадигмасындағы киіз үй атауының
161
дублеттері, сондықтан киіз үйге қатысты семантика бұларға да ортақ. Қазақ
сөйленістеріндегі киіз үйге байланысты ағаш үй, боз үй, қазақ үй, қара үй,
терме үй атаулары бар. Сонымен қатар, үйдің құрылысына, қолданысына қарай
да түрлері қалыптасқан, олар тақырыптық топтарға таратылып талданды.
Үй-жай ұғымының айналасында тұрмыстық мәдениет деректері өрбиді. Үй
тұрмысында қолданылатын заттардың ішінде халықтың көшпелі тұрмысында
аса қажеттілерінің бірі сандық, кебеже тәрізділер болған. Аймақтық лексикада
оның: абдыра/әбдіре, арша, әрже, бөгре/ бөгіре; сандық атауларына: тайсандық,
кеусандық; чемодан атауына: жағылан/жақтан т.б. атаулары ұшырасады.
Тұрмыстық заттар халықтың тұрмыс-тіршілігі, өзге халықтармен қарым-
қатынасының айқын көрінісі болып табылады, сондықтан тұрмыстық зат
атауларының жарыспалы қатар құрайтыны жиі кездеседі.
Этникалық, мәдени-тұрмыстық белгілерді сақтау жағынан ас-су, тағам
ұғымы тұрақты келеді. Халықтың дәстүрлі тамақтану жүйесі, тағам түрлері
халықтар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас пен үстемдік етуші шаруашылық-
мәдени факторлардың тікелей әсеріне ұшырамай қоймайды. Әр сөйленістік
аймақта халықтың ұлттық дәстүрлі тағам түрлерімен қатар сол аймаққа тән
ерекшелік орын алып отырады. Әртүрлі этностардың қарым-қатынасы
этномәдени лексиканы да байытады.
Архаикалық мәдениет заттарының таңбалық, символдық мәні басым, олар
көп жағдайда белгілі ақпарат білдіреді. Бұл, әсіресе киім-кешек бұйымдарынан
айқын аңғарылады. Киім-кешектің ер – әйел, бала, ұл – қыз, ер адам мен әйел
киімдерінің жасы, мәртебесіне қарай жіктелуінің символдық мәні бар.
Материалдық мәдениет тек тән азығы үшін жасалмайды, жан азығы үшін
де жасалады. Материалдық мәдениет пен рухани мәдениет бірінен-бірі
туындайтын егіз ұғым. Жалпы адамзат мәдениеті мен үлкен өркениет әлемінің
өзіндік бет-бейнесі бар этномәдени тұлғасы – Қазақ этносы. Қазақ этносының
дәстүрлі мәдениетінің өзегі – Адам болу ұстанымы. Ең басты құндылық –
Адам, оның ақыл-ой, парасаты. Аймақтық лексикада адам иісті ұл – «адам
болайын деп тұрған бала» мағынасында қолданылады. Бұл аймақтық рухани
мәдениет лексикасы көлемі жағынан шағын болғанымен, дәстүрлі рухани
мәдениетті толықтыру жағынан салмақты дегенді негіздейді. Аймақтық рухани
мәдениет лексикасы интеллектуалды этномәдени бірліктерден басталып, салт-
дәстүр, әдет-ғұрып, алғыс-тілек,ырым-жоралғы т.б. этностың тыныс-тіршілік
саларының бәрінде бата-тілекпен өрнектеліп отырады.
Қазақ тілінің айырым белгісі аз ортақ белгілерінің молдығы – оның
біртұтастық қасиеті. Аймақтық лексика – жалпы дәстүрлі қазақ мәдениетінің
құрамдас бөлігі, құндылық әлемі де ортақ. Аймақтық мәдениет өзгеше
болмайды. Аймақтық сөз – дәстүрлі қазақ мәдениетінің аймақтық көріністерін
танытатын этномәдени мазмұнды бірліктері. Сондықтан аймақтық лексикадағы
этномәдени көріністер – дәстүрлі қазақ мәдениетінің аймақтық бояуы,
аймақтық сипаты. Қазіргі тіл ғылымы этномәдени бірліктерді жеке-дара
күйінде зерттеуден гөрі оларды өзара байланысты этномәдени ақпарат көзі
ретінде зерделеуге ден қоюда. Егер қарым-қатынас субъектісі – белгілі
162
мәдениет өкілі, тұтынушысы болса, дәстүрлі қазақ мәдениетінің өкілі мен
тұтынушысы да біреу – Қазақ этносы.
Достарыңызбен бөлісу: |