Имам ғазали жүректің сырлары


Шүбәсіз, Алла екіжүзділер мен кәпірлердің бәрін жаһаннамға жинайды



Pdf көрінісі
бет14/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Шүбәсіз, Алла екіжүзділер мен кәпірлердің бәрін жаһаннамға жинайды»
34

34
 
«Ниса» сүресі, 140 
Жоғарыдағы аяттарда мұнафықтар бірінші айтылған. Өйткені олар кәпірлерден де 
жаман. Содан соң артынан бұл екі топтың бірдей тозаққа кіретіні білдірілген. Басқа бір 
аятта Алла Тағала былай дейді: «Шүбәсіз, екіжүзділер тозақтың ең төменгі 
қабатында. Оларға (қол ұшын беріп тозақтан құтқаратын) бірде-бір медеткер 
таба алмайсың»
35

35
 
«Ниса» сүресі, 145. 
«Мұнафық» деген сөз «көр тышқан» деген мағынадағы сөзден келіп шыққан. Себебі 
көр тышқанның інінде екі тесік болады. Бірінен көрініп қойып, екіншісінен шығып кетіп 
қалады. Міне, сондықтан мұнафыққа да сол ат берілген. Себебі ол мұсылман болып 
көрінгенімен, шынында, мұсылман емес, діннен шыққан кісі. 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Мүмин деген кім, мұнафық деген кім?» – деп 
сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Мүмин намаз оқиды, ораза ұстайды. Мұнафық болса, 
хайуандай жеп-ішеді, намаз оқымайды және Алла бұйырған әдеп-ахлаққа кереғар іс 
жасайды. Мүмин пенде қиналып жатқандарға жәрдем беруменжәне Алладан кешірім 
сұраумен әлек болады. Мұнафық болса нәпсінің жетегінде ашкөздікпен жан-жаққа 
жүгіре береді. Мүмин Аллаға ғана сенеді. Мұнафық болса Алладан басқа барлық 
нәрсеге сенгенмен Аллаға тәуекел ете алмайды. Мүмин дінін мал-мүлікке 
сатпайды. Мұнафық болса дінін ақшаға сатады. Ол үшін мал-мүлік діннен де, 
иманнан да жоғары тұрады. Мүмин Алладан басқа ешкімнен қорықпайды. Мұнафық 
болса Алладан басқа әркімнен қорқа береді. Мүмин күнәдан сақтанады, Алла үшін көз 
жасын төгеді. Мұнафық болса күнәдан тыйылмай, емін-еркін жүре береді. Мүмин 


19 
жалғыз қалып, Аллаға болған сүйіспеншілігін күшейтуді жақсы көреді. Мұнафық 
жалғыздықты жақсы көрмей, әрдайым басқалармен араласып жүргісі келеді. Мүмин 
түзетуді жақсы көреді, жамандықтан тыйылады. Мұнафық болса жамандықты 
жақсы көреді. Мүмин Алла бұйырғаны үшін жамандықтарды тоқтатып, ізгі істерді 
қылуға ұмтылады. Мұнафық болса өз пайдасын ғана көздейді. Тіпті жаман істерге 
шақырып, жақсы істерге бөгет болады». 
Бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұнафық – екі отар қойдың ортасында 
біресе бұл отарға, біресе әлгі отарға қосылуға әрекет жасап, бірақ екеуіне де 
бөтен болғаны үшін олардың ешбіріне қосыла алмаған қойға ұқсайды»
36

– деген. 
36
 
Мүслим, 2784; Нәсаи, 5037; Табарани, Муғжамул Аусат, 2604; Хайсами, 18573. 
Соған ұқсап екі жүзді (мұнафық) кісілер де бәріне жат болып, имандыларға да, 
имансыздарға да қосыла алмайды. Алла Тағала бұлар үшін тозақты жеті есікті қылып 
жаратқан. Себебі Құран Кәрімде: «Оның жеті қақпасы бар. Әр қақпаға олардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет